Тікелей эфир

Батыс Қазақстанда шағын және орта бизнес өкілдерін қолдауға ерекше көңіл бөлінген

depositphotos.com
depositphotos.com
Ауылдық жерлерде іске асырылатын жобаларға 7,9 млн теңгеге дейін шағын несиелер беріледі.

Батыс Қазақстан облысында 2022 жылы "Бизнестің жол картасы-2025" кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 3 508,3 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

  • кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға – 3 220,3 млн теңге;
  • кредиттерге кепілдік беруге – 155 млн теңге;
  • гранттық қаржыландыруға – 133 млн теңге.

БҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысы Жұмагелді Батырниязовтың айтуынша, қазір облыста кәсіпкердердің қолдауға арналған бірнеше бағдарламалар жүзеге асырылып келеді.

"2010 жылдан бері "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында 3 мыңнан астам жоба мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылып, жалпы сомасы 135,4 млрд теңгеге несие және инфрақұрылым тартылды. Бекітілген жоба аясында 28,2 мың жұмыс орны сақталып, 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы аталған бағдарламаны 2025 жылға дейін ұзартуды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 5 қазан күнгі жолдауында айтқан еді. Елбасы, әсіресе, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің дамуына тоқталып, оны ары қарай жандандырудың негізі жолдарын айқындаған болатын”, – дейді Жұмагелді Батырниязов.

Сонымен қатар, "Қарапайым заттардың экономикасы" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жобалық кеңсе құрылған. Жобалық кеңсе бизнес-жоспарды әзірлеу кезеңінен қаржыландыруға қолдау көрсетеді. Әрі жыл бойы кәсіпкерлермен кездесіп, олардың ұсыныстары мен проблемаларын жүйелеп, орталыққа ұсынады. Жауаптылардың айтуынша, аталған бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі өндірістік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары екен.

Сондай-ақ облыста шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында кәсіпкерлерге микронесие беріледі.

"Микроқаржы ұйымы қызметінің негізгі мақсаты – Батыс Қазақстан облысындағы шағын және орта бизнесті қолдау үшін микронесие беру. Ауылдық жерлерде іске асырылатын жобаларға шағын несиелер 2,5 мың АЕК-ке дейін (7 950 000 теңгеге дейін) қалалық жерде 6,5 мың АЕК-ке дейін (20 670 000 теңгеге дейін) жылдық 6%-бен 84 айға дейін (7 жылға дейін) беріледі", – дейді Жұмагелді Батырниязов.

Осы мақсаттарға 2021 жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында республикалық бюджеттен 2,2 млрд теңге бөлінген. Ал биылғы жылдың 1 шілдесіне жалпы сомасы 688,5 млн теңгеге 134 жоба қаржыландырылды.

Айта кетейік, өткен жылы Батыс Қазақстан облысының шағын және орта бизнес өкілдері 1 684,3 млрд теңгенің өнімін өндірген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 21,8 пайызға жоғары. Ал қазіргі таңда облыс бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны – 45 909.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары