Google 2018 жылы қазақстандықтар ең көп іздеген ақпараттарды атады
Отандастарымыз биыл Google парақшасынан футболдан әлем чемпионаты туралы жаңалықтарды көп іздеген. Сұралымдар саны бойынша екінші орында электронды "Күнделік" тұр.
Іздеу жүйесінің рейтингінде бірінші орында Денис Тен туралы ең көп қаралыпты. Екінші орында биыл жазда қайтыс болған америкалық рэпер – Xxxtentacion. Бұл тізімде ресейлік UFC боксшысы Хабиб Нурмагомедов үшінші орыннан көрінген. Google жүйесі сондай-ақ қазақстандықтарды ең көп қызықтырған сериал деп "Мажор-3" пен фильм ретінде "Веном"-ды атады. Отандастарымыздың жүйеден "Темір жол билетін сатып алуға" қатысты өте көп сұралым жасайтыны белгілі болды.
Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрілерді алғандығын растау үшін емделушілерге SMS жолдайтын болады
Жаңа бастама 12 желтоқсаннан бастап жүзеге асырылады. Егер пациент дәріні алмаса, 1439 нөміріне SMS-ке жауап беруі керек, не қоңырау шалуы қажет. Қызмет тегін көрсетіледі. Жолданған әрбір SMS пен қоңырау туралы мәліметтер талданып, шешім қабылдау үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жолданып отырады.
"Қазақтелеком" Kсell-дің 75% акциясын сатып алды
Қазақстанның жетекші операторы Telia Company және Fintur Holdings BV компаниясымен Астанада осындай келісімге қол қойды. Тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында монополияға қарсы орган "Қазақтелеком" АҚ-на қолданыстағы тарифтік жоспарларды үш жыл бойы сақтау, абоненттер үшін қосымша қызметтерді іске қосу, 2021 жылға дейін ауылдық елді мекендерді 4G желісімен қамтуды кеңейту, 2021 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей 5G қызметтерін ұсынудың стандарттарын енгізу сынды бірнеше талап қойыпты. Басқарма төрағасы Қ.Есекеев бұл талаптардың барлығын заңнамаға сәйкес орындауға дайынбыз деп мәлімдеді.
Қазақстан мен Тәжікстан азаматтары екі ел аумағында тіркеусіз 30 күн жүре алатын болды
Қазақстан азаматтары Тәжікстанда, тәжікстандықтар қазақ елінде 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады. Осындай жеңілдік қарастырылған заң жобасы бүгін мәжілістің жалпы отырысында мақұлданды. Келісімге биылғы жылдың наурыз айында Астанада қол қойылған. Ал, шілде айында келісімді Тәжікстан Парламенті ратификациялаған.
Forbes әлемдегі қаламақысы жоғары жазушылардың тізімін жариялады
Бұл тізімде әйгілі жазушы Джеймс Паттерсон көш бастады. Ол бір жыл ішінде 86 млн доллар тапқан. Мұндай ақшаны оған инспектор Алекс Кросс туралы романдар сериясы әкеліпті. Екінші орында 54 млн доллармен Джоан Роулинг тұр. Жас сиқыршылар туралы ертегі әлемінің авторы былтырға қарағанда аз пайда тауыпты. Биылғы табысы 41 млн долларға қысқарып, былтырғы рейтингтегі бірінші орнынан айрылып қалған. Forbes тізіміндегі үшінші орынды әйгілі Стивен Кинг иемденді. Оның жылдық табысы 27 млн долларды құраған. 23 мамырда оның "Аутсайдер" романы шыққан болатын.
Қазақстанда 5 банктің таза табысы артқан
Қазақстандық БАҚ не жазды:
Inform.kz: Қазақстанда күн жылынады. 13-15 желтоқсанда Қазақстан аумағында ауа температурасы жоғарылайды, бірақ тұман мен көктайғақ сол күйі қалады. Синоптиктердің ақпаратына сәйкес, Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік аудандарынан атмосфералық ауа ағындарымен бірге циклон келеді. Соған байланысты қар жаууы ықтимал. Ал, оңтүстікте нөсер, қар аралас жаңбыр жауады және тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндізгі ауа температурасы оңтүстікте және оңтүстік-шығыста + 3...13°С, солтүстік және шығыс облыстарда - 3...13°С-қа дейін көтеріледі.
Baq.kz: ІІМ құжатты уақтылы ауыстыруды ескертті. Қазақстанда ақпаратты электронды тасымалдаушы (чипі бар) жеке тұлғаны куәландыратын биометриялық құжат 2009 жылдан бастап беріле бастады. Халықаралық стандарттарға сәйкес олардың жарамдылық мерзімі 10 жыл, келесі жылы аяқталады. Осыған байланысты ІІМ құжатты уақтылы ауыстыру туралы азаматтарды ескертеді. Қолайлы болу үшін бұрынғы құжаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуына дейін бір ай қалғанда аталған құжаттарды ресімдеуге болады.