Тікелей эфир

Қазақстанға Ресейден әкелінген алкоголь өнімдері тәркіленді

ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің фотосы
ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің фотосы
400 литр алкогольді ішімдік ел аумағына заңсыз жеткізілген. Алайда жеңіл жолмен пайда табуды көздеген тауар иесі енді айыппұл төлейді.

Мемлекеттік шекара бойындағы "Жаңа жол" автомобиль өткізу бекетін бақылау кезінде төрт литрлік пластик құтыларға құйылған алкоголь өнімдері Солтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының күдігін туғызған.

Оқи отырыңыз: ТМД елдері арасындағы кедендік мәселелер тезірек шешілетін болады

Анықтай келе, ішімдіктің елге заңсыз жолмен жеткізілгені белгілі болды. Тауар Солтүстік Қазақстан облысына көршілес Ресейден Volvo маркалы жүк көлігіне тиеліп, өткізілген. Кеденшілер күдікті өнімдерді бірден тәркілеп, көлік иесіне ҚР Әкімшілік Кодексінің 282-бабының 3-тармағы бойынша хаттама толтырды. Ал тәркіленген алкоголь өнімдері сот шешіміне дейін сақтау қоймаларына орналастырылды.


Тәркіленген алкоголь өнімдері

Тәркіленген алкоголь өнімдері / ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің фотосы


Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жаңа жол", "Қызылжар", "Бидайық", "Қарақоға" автомобиль өткізу бекеттерінде бірнеше рет тыйым салынған тауарды шекарадан өткізу әрекетінің жолы кесілген. Мәселен:

  • 390,7 тонна қара және түсті металл сынықтарын;
  • 19,9 мың тонна макулатураны;
  • 21,0 мың тонна ірі малдың терісін;
  • 3,7 мың литр мұнай өнімдерін шекарадан заңсыз өткізуге кеденшілердің қырағылығы арқасында жол берілмеген.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары