Тікелей эфир

Қазақстанға әкелінетін өнімдердің 65 пайызы талапқа сәйкес келмейді. Жаңалықтарға шолу

Педагогтар оқулықтардың мазмұнын талқылайды. Демалыс күндері Оңтүстікте жауын жауып, көктайғақ болады.

"Астана" ФК 12 жасқа дейінгі балаларға үйдегі ойындарды тамашалауға рұқсат берді

Бұл үшін клубтың сайтында арнайы анкетаны толтыру қажет. Жаңа маусымның алдында клуб ең белсенді кішкентай жанкүйерлеріне сыйлық беруді де қарастырыпты.

Педагогтар оқулықтардың мазмұнын талқылайды

22-28 ақпан аралығында өтетін комиссия отырысын мына сілтемеден онлайн қарауға болады. Жұмыс қорытындысы 1-ші наурызда жарияланады, онымен де онлайн-режимде танысуға мүмкіндік жасалады.

"ҚазМұнайГаз" авиаотын бағасын арзандатты

"ҚазМұнайГаз – Аэро" ЖШС ақпан айынан бастап РТ маркалы авиациялық отынның көтерме бағасын түсіргендерін мәлімдеді. Компаниядан хабарлағандай, бұл ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етуге және қымбат импорттан бас тартуға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысында жаңа 60 ұңғыма бұрғыланады

Соңғы алты жылда облыста қара алтын өндірісі екі есе азайған. Мұнайшылар отыз жылдан бері бір жарым –екі шақырым тереңдікте бұрғылап келген. Жер қойнауын пайдаланушылар енді үш жарым мың метр тереңдіктегі 62 ұңғыманы бұрғылауды жоспарлап отыр. Бұл мақсатта қазір өңірде жаңа кен орындарын игеру бағдарламасы әзірленіп жатыр.

300 бас мал қырылып қалды

Бұл Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында болған. Күннің күрт жылынғанымен арты аязға ұласатыны туралы метеоролог мамандардың ескертуін елемеген шопандар мың жарым бас малын далада қалдырады. Өңірдегі шаруа қожалықтарының шамамен 307 қойы қырылған. Қар астынан шамамен 80-ге жуық малдың өлексесі шыққан. Ауданда осыған байланысты арнайы комиссия құрылды.

Алматыда электр энергиясының апаттық жағдайда сөндірілуіне әкеліп соқтыратын қауіп-қатер толығымен жойылды

"Самұрық-Энерго" электр энергиясы холдингінің Алматы энергия кешеніне қарасты "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ жүктемені "Горный гигант" станциясынан қайта жаңартылған "Ерменсай" қосалқы станциясына ауыстыру жобасын аяқтады. Сөйтіп "Ерменсай" шағын станциясынан 40 шақырымға жуық кабель желілері орнатылып, іске қосылды.
"Горный гигант" қосалқы станциясына қосылған тұтынушылар, "Самал", "Қазақфильм", "Бағанашыл", "Таугүл" шағын аудандарының тұрғындары "Ерменсай" жаңа қосалқы станциясына ауыстырылды.

Қазақстанға әкелінетін өнімдердің 65 пайызы талапқа сәйкес келмейді

Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті осылай деп мәлімдеді. Былтырғы жылы санитарлық дәрігерлер тексерген өнімдердің 65 пайызы техникалық регламенттерге сәйкес емес. Олардың көбі елге Ресейден әкелінген. Оның ішінде құс еті, сүт тағамдары, ұннан жасалған өнімдер, шұжықтардан бастап ойыншық және т.б. тауарлар да бар.
Комитет биылғы жылдың 1-ші тоқсанында сапасыз өнімдердің тізімі жасалатынын хабарлады.

Қазақстандық БАҚ не жазды:

Inform.kz: Астана іргесіндегі 20 елді мекенде газ тартыла басталады. Биыл Ақмола облысының Аршалы және Целиноград аудандарының 130 мың адам тұратын 20 елді мекеніне газ тартылады. Қазіргі кезде газ тарату желісінің 1-ші кезеңі бойынша жобалық сметалық құжаттамалар әзірленіп жатыр.
24.kz: Әскери қызметшілер шындық детекторы сынағынан өтетін болады. ҚР Қарулы Күштері жемқорлықпен күрестің осындай әдісін жүзеге асырмақшы. Министрлік өткен жылы екі полиграф аппаратын сатып алған. Одан жоғары лауазымға тағайындалатын офицерлер өтетін болады. Бір жылға жуық уақыт ішінде жүзге тарта әскеридің жемқорлыққа тексерілген.
Baq.kz: Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы. Ресейдің еуропалық бөлігінде қалың қардың түсуіне себеп болған белсенді циклон Батыс Сібірге ығысады. Бірақ онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарының ауа райына әсер етеді. Республиканың оңтүстік облыстарына Каспий оңтүстігінен фронттардың ығысуынан жексенбі және дүйсенбі күндері жауын-шашын, тұман және көктайғақ болуы мүмкін.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары