Тікелей эфир

Қазақстан Швейцариямен бірге Қытай мен Ресей нарығын игереді

Сурет Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен алынды
Сурет Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен алынды
Бақыт Сұлтанов Швейцария президентіне бірлескен кәсіпкерлік құру жөнінде ұсыныс тастады.

Нұр-Сұлтанда Швейцария президенті-федералдық кеңесші Уели Маурер мен ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қатысқан қазақстандық-швейцариялық дөңгелек үстел өтті.

– Қазіргі таңда Қазақстанда Швейцария капиталының қатысуымен 230-дан астам кәсіпорын табысты жұмыс жасайды. Олардың көбісі өңдеуші және тау-кен өнеркәсібінде, құрылыс, көтерме-бөлшек сауда салаларында, көлік, ақпарат және байланыс секторларында, қаржы және сақтандыру қызметтерінде ұсынылған.

Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда айналымы 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 1,9 млрд АҚШ долларын құрады. Ал бұл көрсеткіш 3,1 млрд АҚШ доллары болған. Аталаған көрсеткіштер өзара сауда көлемін ұлғайту үшін қолда бар әлеуетке толық шамада сәйкес келмейді, – деді Бақыт Сұлтанов.

"Қытай мен Ресей нарығына бірігіп шығайық!"

Бақыт Сұлтанов швейцариялық бизнеске "Қазақстан аумағында өзара тиімді ынтымақтастық орнату және үшінші бір ел нарығына бірлесіп шығуды" ұсынды.

– Біздің ел маңызды ресурстарға ие, Қытай мен Рессейдің ірі нарықтарына жақын орналасқан, іскерлік және инвестициялық қолайлы климаты бар. Швейцария үлкен құзіретке, айтарлықтай қаржы ресурстарына және өткізудің орныққан каналдарына ие, – деп нақтылады ҚР Сауда және интеграция министрі.

Бұдан басқа, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одағында қатысуы жалпы жалпы ішкі өнімі (ЖШӨ) 2 трлн долларды құрайтын, халық саны 183,8 млн адам болатын Еуразия кеден одағының нарығы бар. Сарапшылардың бағалауы бойынша, 2030 жылға дейін біздің елдеріміз ЖІӨ 25% қосымша өсімі немесе 600 млрд АҚШ доллары тәртібінде пайда көреді.

Бізде инвесторларға жағдай жасалған

"Doing Business 2020" Дүниежүзілік банк есебіне сәйкес, Қазақстан бизнесті жеңіл жүргізу бойынша әлемнің үздік 25 мемлекетінің қатарына кіреді.

2019 жылғы 24 қазандағы DoingBusiness рейтінгінің нәтижесі бойынша, Қазақстан өзінің рейтінгін өткен жылмен салыстырғанда соңғы екі жылда 11 позицияға (2017 жылы – 36-орын, 2018 жылы – 28-орын) көтеріп 25-орынды иеленді.

Швейцарияның химия және дәрі-дәрмек өнеркәсібі, авиация және көлік логистикасы, машина жасау және IT-технологиялар, ауыл шаруашылығы, туризм және кәсіби білім беруді дамытудағы озық тәжірибесі бар.

Қонақтар ауыл шаруашылығына қызығады

Осыған дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі басшысының жақындағы Швейцарияға жасаған сапары кезінде сауда келіссөздері бойынша Швейцария Федералдық кеңесінің өкілі Эрвин Боллингер өз елінің "агросекторда кейбір қызығушылықтың бар екенін" хабарлаған.

"Біз, Қазақстанның жақын болашақта Қытайдың маңызды ет өндірушісі болатынын білеміз. Біз Қазақстанмен ет өндірісі және генетиканы дамыту саласында ынтымақтастық орнатуға талпынамыз" – деген Эрвин Боллингер.

Бақыт Сұлтанов Берн қаласына Қазақстандық-швейцариялық үкіметаралық комиссиясының бірлескен 10-отырысында Қазақстан делегациясы бірқатар жобалар ұсынғанын, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласына қатысты жобалардың болғанын хабарлады.

"Stadler Rail Group, Science industries швейцариялық дәрі-дәрмек өнеркәсібі қауымдастығының, Swissmem швейцариялық механикалық, электротехникалық және метал өңдеуші өнеркәсіптің, Switzerland-Global Enterprise (S-GE) швейцариялық ұйымның ұсыныстары айтарлықтай қызығушылық тудырды. Аталған компаниялардың кейбірі қазіргі уақытта келісімшарт жасауда. Біз әрбір ұсынысты егжей-тегжейлі пысықтаймыз және оң кейстер санының өсіміне назар қоямыз", деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрі.

Қазақстан қонақтарға алуға болатын заттардың тізімін берді

Қазақстандық тарап Швейцарияда қазақстандық экспортты кеңейтуге және тауар айналымын жарты миллиард долларға ұлғайтуға мүмкіндік беретін 103-ке жуық өңделген тауарлар тізімін ұсынды. Осылайша, біздің кәсіпорындардың металлургия, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, азық-түлік өндірісі салаларында өнімдер ұсынуда қызығушылығы бар.

Анықтама: металлургия (темiрден немесе қоспаланған болаттан жасалған жазық илектер, метал құбырлар, ферросиликомарганец, қоспаланған болаттан жасалған жартылай фабрикаттар, темір шыбықтар, алюминий оксиді), машина жасау (аккумуляторлар, цилиндрлік роликті мойынтетіктер), химия (полипропилен), жеңіл өнеркәсіп (пластмассамен жабылған тоқыма материалдары), ағаш өңдеу өнеркәсібі (ағаш материалдары), азық-түлік өнеркәсібі (күнбағыс майы немесе мақсары майы, алкогольсіз сусындар және су, мұздатылған балық филесі, күнжарлар, бидай ұны, күріш) салаларының өнімдері.

Тараптар 6 құжатқа қол қойды:

  • "KAZAKHTOURISM" ҰК" АҚ және Swiss Choice HoldingSA компаниясы арасындағы "Қазақстан Республикасындағы қонақ үйлерді сыныптастандырудың ұлттық жүйесін әзірлеу және енгізу ынтымақтастығы туралы меморандум;
  • AQBURA DEVELOPMENT және SwissChoiceHoldingSA компанияларымен басқару және франшиза шарты;
  • "Транстелеком" АҚ және "SICPA" компаниясы арасындағы "Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесі" ынтымақтастығы туралы меморандум;
  • АХҚО (Астана халықаралық қаржы орталығы) және "BLACKFORT" компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • АХҚО және "CLARUS CAPITAL" компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • АХҚО және "HERCULIS" компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары