Тікелей эфир

Қайырбек Өскенбаев: "Биыл Нұр-Сұлтанда көмір дағдарысы болмайды"

Сурет informburo.kz
Сурет informburo.kz
Биылғы қысқа дайындық барысы қалай жүріп жатыр? Көмір сапасы және жеткізу барысында мәселе туындаса қайда хабарласасыз?

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев қатысқан "Алдағы қыстық жылу маусымына дайындық туралы" баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз хабарламасында "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша бөлінген 37,9 млрд теңгеге бағаланған жылумен, сумен жабыдықтау және су жолына байланысты 18 жобаның құрылысы әлі бітпегені айтылды.

Қысқа дайындық қалыпты деңгейде

– Қысқа дайындық ретінде 10 212 қазандық (жоспардың 96,1%), 4,8 мың шақырым (жоспардың 96,2%) жылумен жабыдықтау желілері, 14,5 мың шақырым (жоспардың 95,9%) сумен жабыдықтау желілері жөнделген, – деді Қайырбек Өскенбаев.

Былтырғы 16 қыркүйектегі жағдаймен салыстырғанда:

  • Білім беру объектілерінің дайындығы – 99,6%;.
  • Денсаулық сақтау объектілерінің дайындығы – 98,6%;
  • Тұрғын үйлердің дайындығы – 94,9%;

Биыл көмір дағдарысы болмайды. Көмір жеткілікті

– Жыл сайын коммуналдық-тұрмыстық қажетке және халыққа 10,4 млн тонна көмір керек. 1 мамырдан 16 қыркүйекке дейін елордаға 23,5 тонна көмір жеткізілген. Яғни 47%-ы дайын.

Көмір сапасына байланысты былтыр екі түрлі жағдай орын алды. Бірінші, Қаражыра көмірінде өткен жылы тас араласып кету жағдайы болды. Екіншіден, көмір алып-сатушы делдардар жолда сапасыз көмірді араластырған. Биыл бұндай мәселені жіті қадағалап, тексереміз. Уайымдайтын ештеңе жоқ, – деп сендірді вице-министр.


Қайырбек Өскенбаев

Қайырбек Өскенбаев / Сурет informburo.kz


"Көмір сапасынан мәселе шықса хабарласыңыздар"

– Ондай жағдайлар болса көмір жеткізген машинаның нөмірін жазып алып, жергілікті әкімдікке немесе Өнеркәсіп комитеті мен Техникалық реттеу комитетіне хабарласыңыздар. Осыған байланысты алда арнайы байланыс нөмірін де хабарлаймыз, – деді Қайырбек Өскенбаев.

Көмір бағасы қандай болады?

Вице-министрдің айтуынша көмір бағасы қатаң бақылауда. Мысалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша:

  • Шұбаркөл көмірі – 11 400;
  • Екібастұз көмірі – 9500;
  • Қаражыра көмірі – 13 200;
  • Майкүбі көмірі – 12 000-12 500 теңгеден болады.

Яғни, Нұр-Сұлтанға төрт жерден көмір әкелініп жатыр.

Ал облыстарда көмір бағасы обылыс басшылығы арқылы қадағаланбақ.

Көмір кезегі болмайды

Былтыр көмірге кезекке тұрған кезде талас болып бір азамат қайтыс болған еді. Осыған байланысты ақпарат құралдарының сұрағына жауап берген вице-министр:

– Көмірге талас болмауы үшін биылғы қысқа дайындықты шілде айынан бастадық. Алдын ала кесте құрып, жоспарға сай әр облысқа кезекпен көмір жеткізіліп жатыр. Сондықтын, өткен жылғыдай талас болмайды. Барлығын қадағалап отырмыз, – деді.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары