Тікелей эфир

"Ауыл" партиясы Президенттік додаға дайын. Кім түседі?

Сурет informburo.kz
Сурет informburo.kz
"Ауыл" партиясы Президенттікке кандидатты қалай таңдады? Сайлау алды бағдарламасы қандай? Съездің тыныс-тіршілігі қалай болды?

Бүгін, 25 сәуірде "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының (Ары қарай "Ауыл" партиясы) кезектен тыс XV съезі өтті.

Съезд өтетін залдың алдында ауыл өмірін көрсететін фото көрмесі қойылыпты.


Түйе сауу

Ағаділ Рысмаханның суреті. Түйе сауу / Фото informburo.kz



Асық ойнаған ауыл балалары

Рафхат Халеловтің суреті. Асық ойнаған ауыл балалары / Фото informburo.kz


Съездегі басты мәселе – 2019 жылдың 9 маусымында өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына партия атынан үміткерді ұсыну.


Партия төрағасы, сенатор Әли Бектаев қонақтарды күтіп тұр

Партия төрағасы, сенатор Әли Бектаев делегаттарды күтіп тұр / Фото informburo.kz



Делагаттарға арналған орындар

Делегаттарға арналған орындар / Фото informburo.kz


Алдымен партияның Саяси кеңесінің шағын жиналысы өтті.


Пртияластардың Съезд алдындағы дайындықтары қарбалас өтіп жтыр

Съезд алдындағы қарбалас / Фото informburo.kz


Түскі ас та ұмыт қалдырылмапты. Делегаттар келіп жатыр. Көрмемен қатарлас жайылған дастарханнан шай ішіп жатқандар да көп.


Пуршет

Дастархандағы ас дәмді болды / Фото informburo.kz



Шай үстіндегі әңгіме

Шай үстіндегі әңгіме / Фото informburo.kz


Съезд басталды

Партия төрағасы Әли Бектаев бастаған президиумдағы 7 азамат орындарына отырды.

– Қайырлы күн делегаттар, әр өңірден шақырылғандар толық келді. Ауыл партиясының кезектен тыс XV съезі ашық деп жариялаймын.

Әнұран орындалды.

Ауыл партиясының әнұраны – "Ауылым" әні.

Сөзі мен әнін жазған: Әли Бектаев.
Орындаған: Жұбаныш Жексенұлы.

– Біз кандидат ұсынамыз ба? – Иә.

Съездің жұмысшы органдары – Есеп комиссиясы, Мандаттық комиссия, съезд хатшысы – сайланды. Дауыс берілді. Қабылданды.


Съезд қатысушылары

Тілшілер қызу жұмыс үстінде / Фото informburo.kz


Партия төрағасы алдымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевті ауызға алды. Ол:

– Кезектен тыс Президенттік сайлаудың жариялануында заңдық жақтан қайшылық жоқ. Сол себепті біз өз кандидатымызды ұсынуымыз керек, – деп бастады. Сонымен бірге елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайын көтеру, отаншылдықты дәріптеу, білім мен денсаулық сақтау саласының қордаланған мәселелерін шешу басты мақсаттар екенін айтты.

Кандидат – Рақымбеков: Ауылдан шығып, "Ауыл"-да оқыған

Бектаев сөзді көп созбай Президентке кандидаттың атын атады. Ауылдан шыққан, Қарағандыдан Ауыл шаруашылық университетін бітірген азамат.

– Рақымбеков Төлеутай Сатайұлын Президенттікке кандидат ретінде ұсынып отырмыз, – деп үкіметте, ауылда және қалаларда жұмыс істегенін, тіптен ауыл шаруашылық министрлігінің орынбасары болғанын да ескертті.

Сонымен бірге блогер, ашық та қарапайым азамат ретінде таныстырды.


Төлеутай Рахимбекв әлеуметтік желіде де белсенді

Төлеутай Рақымбеков әлеуметтік желіде де белсенді / Скриншот жасаған informburo.kz


Ауыл партиясының қуаты ауылда

Төлеутай Рақымбеков:

– Ауыл халқы қырық үш пайыз. Сонымен бірге көптеген азаматтар ауылдан шыққан. Ауыл партиясы мүшелерінің жалпы саны үш жүз мыңнан астам. Сондықтан біздің партияның әлеуеті күшті деп санаймын, – деп бастады.


Төлеген Рахимбеков

Төлеутай Рақымбеков өз пікірін білдірді / Фото informburo.kz


Аграрлық өндіріс пен аграрлық ғылымның арасын жақындату, аграрлық ғылымды дамыту керек.


"Ауыл" партиясының газетін оқып отыр

"Ауыл" партиясы делегаттарға арнайы ақпараттық топтама ұсыныпты / Фото informburo.kz


Қазір 1100 ауыл қысқарған

Бұл туралы Рақымбеков мәлімдеді. Көп балалы отбасылардың басым бөлігі ауылда. Мемлекет тиісті көмек беріп жатыр. Олардың табысын көбейту шараларын қолға алу керек дейді ол.

Ауыл тұрғындарының мәселесімен бірге қаланың коммуналдық мәселелері де өзіне таныс екенін айтты. Осы сала бойынша жұмыс істегені белгілі болды.

Ағылшын тілі және жерді жеке меншікке беру туралы


Съезде отырған делагаттар

Делегаттар үміткердің уәдесін ұйып тыңдап отыр / Фото informburo.kz


Президенттіке кандидат Рақымбеков:

– Қазақ тілі дамуы керек. Керек болса, ағылшын тілін үйрену керек. Жер мәселесі туралы айту қиын, – деді. Одан әрі 2003 жылғы заңды дұрыс деп санаймын деп, жерді жеке меншікке беру, шетелдіктерге сатылмауы, әр адамға беретін жер көлеміне шектеу қою мәселелерін көтерді.

Әр өңірден келген делегаттар не деді?

Сөйлеген Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстары мен қала өкілдері үміткерді қолдады.


Қарағандылық делагат сөз сөйлеп тұр

Қарағандылық делегат үміткерге өз ұсынысын айтып тұр / Фото informburo.kz


Сайлау алды бағдарламада болуға тиісті ұсыныстар:
  • Бірінші – жастарды ауылға тарту;
  • Екінші – субсидиялауды көтеру;
  • Үшінші – топырақтың құнарсыздануы;
  • Төртінші – әлеуметтік және өндірсті дамыту мәселелері;
  • Бесінші – өзіміздің бірегей инновациялық технологияны қолдау;
  • Алтыншы – ауыз су мәселесін шешу;
  • Жетінші – аграрлық кадрлар дайындау;
  • Сегізінші – тоқтап қалған аграрлық жобаларды жалғастыру;
  • Тоғызыншы – ауылды интернетпен және техникалармен қамту.

Ұтпасақ та екінші орын алуымыз керек

Астаналық Үрістембаев Базархан мырза "Ұтсақ та, ұтылсақ та екінші орын алуымыз керек" деп қатысушыларды ду күлдірді.


Үрістембаев Базархан

Елді күлдірген Үрістембаев Базархан / Фото informburo.kz


Ол өзінің Төлетай Сатайұлының бірге оқыған группаласы екенін, ауылдан шығып, Ауыл шаруашылығы университетін оқыған, еңбек жолын ауылдан бастап, жоғарғы басшылық қызметтерде де болған, ел жағдайын терең білетін тәжірибелі маман екенін айтты.

Съезд шешімі

Партия төрағасы Төлеутай Рақымбековтың кандидатурасын дауысқа салды. Делегаттар бір ауыздан қолдады.


Партия төрағасы Рахимбековты құттықтады

Партия төрағасы Рахимбековты құттықтады / Фото informburo.kz


– Ауылдан Рақымбеков Президенттікке кандиат болып сайланды, құттықтаймын!

Кандидат не дейді?

Төлеутай Рақымбеков:

– Мені қолдап, дауыс бергендеріңізге рахмет. Мен сіздердің алдарыңызда жауапкершілікті сезінемін, – деп сайлауалды бағдарламасына партияластардың ұсыныстары негіз болатынын жетікізді. Соңында ауылдағы өмір сүру сапасын жоғарылатып, ауыл мен қала арасындағы айырмашылықты азайту, таза табиғи өнімдерді өндіру қатарлы мәселелерді көтеретінін айтты.

– Ауыл гүлденсе, Қазақстан гүлденеді, Алға, Қазақстан! Алға, Ауыл! – деген ұранмен сөзін бітірді.


Президенттікке кандидатқа үміткер сұхбат беріп жатыр

Президенттікке үміткер сұхбат беріп жатыр / Фото informburo.kz


Соңында партия төрағасы қабылданған шешімді оқып берді. Онда Рақымбековты Президенттікке кандидатқа ұсынылғаны айтылды. Жалғасты сайлау және тәуелсіздік, тұрақтылық, құқтық кепіл туралы мәлімдемесін жариялады.

Мәлімдемен соң съезд "Жабық" деп жарияланды.


Партияластарына дән риза

Партияластарына дән риза / Фото informburo.kz


Съезд соңында жымия кетіп бара жатқан Рахимбековты көрдік.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары