"Астана Опера" театрының директоры: Алдағы маусымдарда репертуарды ұлттық қойылымдармен байытамыз

ХІ маусым "Абай" операсымен ашылады.

"Астана" Опера" директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров театрдың баға саясаты мен ХІ маусым репертуарының ерекшеліктері туралы әңгімеледі. 

– Ғалым Алғиұлы, Астанаға ел өңірлерінен адамдар өте көп келеді, олардың кейбірі театрға дресс-код сақтап қана кіруге болады және билеттердің бағасы аса қымбат деген ойда. Осы рас па?

– Театрдың баға саясаты барынша оңтайлы десек болады, спектакль билеттері қымбат емес, әсіресе қазіргі демалыстан кейінгі кезеңде. Мысалы, қыркүйек айында Күләш Байсейітова атындағы камералық залдағы концерттерге билеттер шамамен 3 мың теңге тұрады, сондай-ақ театрымыздың үлкен залында өтетін спектакльдердің бағасы да әбден қолжетімді. Дресс-кодқа келер болсақ, бұл да қате пікір, біз тілек білдірушілердің бәрін қуана қарсы аламыз, әрине, егер адамдар әдемі киініп келсе, құптаймыз, осы арқылы олар, ең алдымен, өздеріне мереке жасайды ғой.

– Қазір қандай спектакльдерге баса мән беріледі?

– Алғашқы жылдары біз репертуарымызды классикалық қойылымдармен толықтыруға белсене күш салдық, өйткені "Астана Опера" – бұл классикалық театр, әлбетте, ұлттық репертуарды да назардан тыс қалдырмадық. Қазір, керісінше, репертуарды ұлттық спектакльдермен байытуға жұмыс жасаудамыз. Алдағы маусымдарда бұл іс еселене түспек. Алайда мынаны түсіну керек: біз қойылымдарды "қалыпқа" салмай, қазақ музыка мәдениетінің алтын қорына енген ұлттық туындыларға өте мұқият қараймыз және оларды әлемдік деңгейде басқа театрлардың жұмысын қайталамайтын бірегей көзқарас тұрғысынан қоямыз.


Оқи отырыңыз: Кореялық K-pop әртісі Kisu: Алматының ұнағаны соншалық, осында бейнебаян түсіргім келеді


– 11-ші театр маусымы немен ашылмақ?

– Ұжым Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің әйгілі "Абай" операсын ұсынбақ. Бұл опера бүкіл әлемге түсінікті әрі сұранысқа ие болатындай етіп қойылған. Театр осы қойылым үшін ең жоғары марапат – Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау