Тікелей эфир

Қала күні Астанада тамашалар қызық көп

Фото Вnews.kz сайтынан алынды
Фото Вnews.kz сайтынан алынды
Астана күні қарсаңында қала бойынша өтетін мерекелік шаралар саны көп. Қатысқыңыз келсе алдын-ала қамданыңыз. Шараның қай жерде өтіп кеткенін білмей қалмаңыз.

Астана күні жылдағыдай дүркіретіп тойланады, бірақ биылғысы жылдағыдан өзгеше. Демалыстар аптаның ортасынан басталып, мереке қатарынан төрт күн тойланады. Осы күндерді тиімді пайдаланғысы келген алыс-жақындағы жұртшылық Астанаға ағылады. Қала күні қарсаңында ұйымдастырылатын түрлі фестивальдер, концерттер, шоу және көрмелерден басқа жылдың басты шарасы ЭКСПО-ны көріп кетуге таптырмас мүмкіндік туды.

ЭКСПО-ға кіру арзандайды

Астанаға жете сала ЭКСПО-ны көруге асықпасаңыз да болады. Көрме ұйымдастырушылары да мереке күндері адам қарасы артатынын ескерсе керек, алдын ала жеңілдіктер мен акциялар жағын қарастырып қойған. Және ол жеңілдік сіз демалатын төрт күн бойы жалғасады.


12 жасқа дейінгі балалардың жанында міндетті түрде ересек адаммен болуы тиіс

12 жасқа дейінгі балалардың жанында міндетті түрде ересек адам болсын және баланың жасын растайтын құжатты ұмытпаңыз / Фото informburo.kz


Осылайша, 10 шілдеге дейін үш билет алсаңыз, төртіншісі тегін болмақ. 17 жасқа дейін балалар мен жеткіншектер де демалыс күндері көрмені тегін тамашалайды. Сонымен қатар, көрмеге кешке 18:30 бен 22:30 аралығында кіру билеттерінің бағалары арзандатылды. Билетті жұмыс күндері екі мың, демалыс күндері үш мың теңгеге ала аласыз. Қалай болғанымен ЭКСПО-ға жолыңыз түссе адасып, алданып қалмаудың жолдарын мына сілтемеден оқи аласыз.

Оң жағалау да қала күнін тойлайды

Қала күні бір жерде ғана мерекеленбейді. Шаралардың басым көпшілігі сол жағалауда өтеді. Әрине, көппен көрген ұлы той деп кептеліс пен қарбаласқа қарамай, сол жағалаудағы шараларды тамашалауға аттансаңыз, ерік өзіңізде. Дегенмен оң жағалауда, қалалық алаңда (Астана әкімдігі ғимаратының алдында) негізгі шаралар жоспарланған.


ыув

Жоспарға сай жаз бойы қалада 600-ден астам мәдени іс-шара өтеді / Фото egemen.kz сайтынан алынды


Бұл жерде алтыншы шілдеде, түскі сағат 13:00-де "Серпер" қазақ халық аспаптары оркестрлері республикалық фестивалінің "Күй Әлемі" гала-концерті өтеді.

Сағат 16:00 де "Астана самалы" үрмелі аспаптар оркестрлерінің халықаралық фестиваліне қатысушылардың плац-концерті ұйымдастырылады.

Сол күні кешке сағат 20:00-де "Ұмай" және "Мотороллер" топтарының концерті болады деп жоспарланған.

Сегізінші шілдеде сағат 20.30-да белгілі қазақстандық әнші Досанәлі Дауылбаев "Біздің қала" атты концертін қояды.

Тоғызыншы шілдеде сағат 19:00-де "Ұлытау" тобының концерті өтпек.

Одан басқа, "Жастар" сарайының жазғы алаңында шілденің бесі мен алтысы күндері сағат 15.00 – 23.00 аралығында жылдың бірегей оқиғасы Астана әкімінің Экспо-2017 "Бәрі де ән айтады" кубогы үшін караокеден республикалық чемпионатын тамашалай аласыз.

"Ән мен әнші" концертіне барғыңыз келсе, жетінші шілдеде "Астана" (ескі Конгресс-холл) концерт залының маңынан табылыңыз. Танымал жұлдыздар өз өнерлерін көрсетеді деп күтіледі. Билет құны төрт мың теңгеден басталады.

Көшпенділер өмірін өз көзіңізбен көргіңіз келсе...

Демалысыңызда бала-шағаңызбен бірге боламын жоспарлап отырсаңыз "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығының сол жақ бүйіріндегі алаңқайда "Көшпелілер қаласы" отбасылық ойын-сауық ұйымдастырылатынын естеріңізге саламыз.


Шара таңғы сағат 10-да мерекелік концертпен басталады / Фото yvision.kz сайтынан алынды


Қалашық аумағында бірнеше киіз үйлер тігілген. Мұнда қол өнер шеберлері өз өнерлерінің қыр-сырымен таныстырады. Ұлттық нақыштағы қолдан жасалған бұйымдарды да сол жерден таба аласыз. Сонымен қатар, қызықты инсталляциялардың да түрі болады. "Келіп көрмесеңіз, ауызбен айтып жеткізе алмаймыз", – деп сендірді ұйымдастырушылар.

Astana Art Fest фестивалі

Нұржол бульварында Astana Art Fest фестивалі 6-8 шілдеде таңнан кешке дейін арнайы бағдарламаларын ұсынады. Фестивальде қазіргі заман өнері, сәулет, өндірістік дизайн және театр өнерін насихатталады.


Astana Art Fest фестивалін қала күні қарсаңында өткізу дәстүрге айналған

Astana Art Fest фестивалін қала күні қарсаңында өткізу дәстүрге айналған / Фото yvision.kz сайтынан алынды


Жыл сайын фестивальге өз экспозицияларымен Қазақстан мен Ресей және өзге шет елдің 70-тен астам авторлары қатысады.

Бәйтерек монументі жанында

Рок стиліндегі әнді сүйер қауым да қарап қалмайды. Жетінші шілдеде сағат 19.00 ACIDIC рок-тобының концерті өтпек. Ертесінде сағат 18.00-де "Энергия музыки" циклынан концерт жоспарланған.


Мәдени шаралардың басым бөлігі ашық аспан астында өтеді

Мәдени шаралардың басым бөлігі ашық аспан астында өтеді / Фото BNews.kz сайтынан алынды


Астана Операны көрмей кетпеңіз

Алтыншы шілдеде қала күніне орай мерекелік концерт, "Астана Опера" мемлекеттік академиялық опера және балет театрында болады. Кеште операның алдыңғы қатарлы солистері мен оркестр әртістері Қазақстан, Ресей және Батыс Еуропалық композиторларының вокалдық шығармаларын орындайды.


Опера және балет театрының ауданы 64 мың шаршы метрді құрайды

Опера және балет театрының ауданы 64 мың шаршы метрді құрайды / Фото BNews.kz сайтынан алынды


Дәл осы жерде араға үш күн салып, яғни 9 шілдеде сағат 18:00 ұлы француз мүсінші Огюст Роден мен оқушысы әрі сүйіктісі Камилла Клодель екеуінің тағдыры мен шығармашылығына арналған "Роден" балеті сахналанады.

Шілденің алтысы мен жетісі күндері сағат 19:00 "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінде, "Қазанат" ипподромында репертуарында 150-ден астам номері бар "Салтанат" ҚР мемлекеттік би ансамблі өз концертіне шақырады.

Мерекеде Астанаға Тимати келеді

Шілденің сегізінде "Сарыарқа" велотрегінде ресейлік рэпер Тиматидің концерті болады. Концертте MOT, Kristina Si, L'One өз өнерлерін көрсетеді. Билеттері қымбаттау, алты мыңнан 23 мың теңгеге дейін барады.


ыавпро

Ресейлік хип-хоп орындаушы, актер, режиссер, BlackStar музыкалы заттаңбаның негізін қалаушы / Фото angliya.com сайтынан алынды


Классикалық музыканы ұнатсаңыз, сегізінші шілдеге дейін күте тұруға тура келеді. ЭКСПО көрме кешенінде "Энергия холлында" танымал француз пианинода ойнаушы Давид Фрэ концертін береді. Бах пен Шуберт шығармаларын ерекше орындауымен Давид Фрэ әлемді мойындатқан.

"ЭКСПО" көрмесінің аумағында Астана қаласының шығармашылық ұжымдары мен артистерінің қатысуымен "Ритмы Астаны" концерті тоғызыншы шілдеде сағат 21:30-да басталады.

Спорт

Мереке күндері қалада спорттық шаралар көп ұйымдастырылған. Астананың туған күнінде, Қазақстан чемпионатының кезекті матчында "Астана" және "Қайсар" (Қызылорда) командалары кездеседі, ойын "Астана Арена" стадионында сағат 18.30-да басталады.

Сонымен бірге, бұл күні сағат 18.00-де "Дәулет" спорт кешенінде самбодан Әлем кубогының кезеңі өткізіліп, ҚР Президенті жүлделері ойналады.

Қойылымдар:

М. Горький атындағы орыс драма театры:

Алтыншы шілде 19:00-де "Смешанные чувства" мелодрамасын;

Жетінші шілде 19:00-де К.Гольдони «Кьоджинские перепалки», комедиясын;

Тоғызыншы шілдеде сағат 18:00-де М. Булгаков "Мастер и Маргарита" эклектикасын;

Тоғызыншы шілдеде сағат 17:00-де "Анна Каренина" сияқты қойылымдарды ұсынады.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры:

Алтыншы шілдеде 19:00-де М. Әуезов "Абай" драмасын;

Сегізінші шілде 19:00-де Ш. Айтматов "Қызыл орамалды шынарым" лирикалық драмасын көрсетеді

Балаларға арналған қойылымдар:

Шілденің бесі мен алтысы күндері Ғ. Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер қазақ театры "Астана балет " театрында "Черная бурка" спектаклдерін қояды, басталуы сағат 19:00-де.

6-15 шілде аралығында, "Барыс Арена" мұз сарайында, демалыс күндері сағат 16:00-18:00 -де және жұмыс күндері сағат 19:00-21:00-де "Щелкунчик" мұздағы шоу-ертегі қойылады.

Қуыршақ театрында:

Алтыншы шілдеде сағат 12.00,14.00,16:00 А.Салаева "Қаңбақ шал";

Жетінші шілде, сағат 12:00, 14:00,16:00 А.Салаева "Жаңғырық туралы аңыз";

Сегізінші шілдеде сағат 12:00, 14.00 Т.Хасанғалиева "Менің салған суретім";

Тоғызыншы шілдеде сағат 12:00, 14:00 М.Ташпенов "Сен, ол, мен";.

Тоғызыншы шілдеде М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында сағат 11:00 -де Л.Никитина "Приключение Незнайки и его друзей" ертегісі қойылады.

Сонымен қатар 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейін аптаның үш күні, дүйсенбі, сенбі, жексенбі сағат кешкі 21.00-21.10, 21.30-21.40, 22.00-22.15, 22.30-22.45 аралықтарында "Есіл" өзеніндегі жарық иллюминациялық шоуды тамашалауға болады.

Астананың ауа-райына сеніп қалмаңыз

Мереке күндері ауа-райы жоспарыңызды бұзбауы тиіс. Алдын ала болжам бойынша 6-9 шілде аралығында Астана қаласында 27-30 градус аралығында ыстық болуы тиіс. Дегенмен, Астананың ауа-райы ауыспалы, өткінші жаңбыр болуы мүмкін. Қолшатырыңызды қолтығыңызға қыса келсеңіз, артықтығы жоқ.

Серіктестер жаңалықтары