Тікелей эфир

Ассамблеяның XXVII сессиясы. Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік достар клубын құруды ұсынды (фоторепортаж)

Сурет informburo.kz
Сурет informburo.kz
Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы қалай өтті? Кімдер қатысты? Қандай қызықты сәттер болды?

29 сәуір. Бейбітшілік және келісім сарайы. Нұрсұлтан қаласы. Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті сессиясы ашылды.

Сессияға кімдер қатысты?


Татар туысқандар

Татар туысқандар / Сурет informburo.kz


Түрлі ұлттық киім киінген делагаттар.


Корей ағайындар да мәз

Кәріс ағайындар да мәз / Сурет informburo.kz


Үкімет мүшелері, депутаттар, әр облыс әкімдері мен ондағы ұлттық орталықтардың басшылары, Достық үйлерінің мүшелері, танымал қайраткерлер, журналистер мен спортшылардың барлығы келді.


Қай ұлттың қызы екен?

Қай ұлттың қызы екен? / Сурет informburo.kz



Ұйғұр қызы

Ұйғыр қызы / Сурет informburo.kz



Қап тауы халықтары да келді

Қап тауы халықтары да келді / Сурет informburo.kz


Бір-бірімен құшақтасып, көріскендеріне мәз болып жатқан әр ұлт өкілдерін көрдік.


Әр ұлт халқы бір үйдің баласындай

Бір үйдің баласындай / Сурет informburo.kz



Корей ағайындар

Кәріс ағайындар / Сурет informburo.kz



Бұл қыз да түркі жұртынан болу керек

Бұл қыз да түркі жұртынан / Сурет informburo.kz



Тақия киген қыз

Тақия киген қыз / Сурет informburo.kz



Төрт түрлі тақия төрт ұлтты білдіреді

Төрт түрлі тақия төрт ұлттың белгісіндей / Сурет informburo.kz



Әр ұлттың белгісі киімі

Әр ұлттың өз киімі өзіне жарасады/ Сурет informburo.kz


Тақияның түрін көрдік.


Өзбек тақиясы

Өзбек тақиясы / Сурет informburo.kz


Әр жерде жиналып отырған жастарды да көзіміз шалды.


Түрік жастары

Түрік жастары / Сурет informburo.kz


Әскери форма кигендер де көрініп қалды.


Казактар қауымдастығы өкілі

Казактар қауымдастығының өкілі / Сурет informburo.kz


Дін тұлғалары да көп көрінді.


Діни тұлғалар құшақтасып амандасты

Құшақтасып амандасты / Сурет informburo.kz



Қазақстанның бас мүфтиі келе жатыр

Қазақстанның бас мүфтиі келе жатыр / Сурет informburo.kz



Еврейлер

Еврейлер / Сурет informburo.kz


Залға Ассамблея төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатар кірді. Қол ұстасып елге құрмет білдірді.


Қос басшы залға кіріп келді

Кешегі мен бүгінгі президент / Сурет informburo.kz


Бүгінгі Ассамблея сессиясына 487 өкілінің қатысып жатқанын айтқан Ассамблея төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сессияны ашық деп жариялады.


Ашылу салтында әнұран орындалды

Ашылу салтында әнұран орындалды / Сурет informburo.kz


Әнұран орындалған соң, Назарбаев сөз сөйледі. Ол:

– Бүгінгі күн – тұрақтық пен бейбітшілктің ең басты кепілі. Ингуш, шешен халықтарының "Вайнах" мәдени орталығы және тарихы туралы айтып, тағдыры мен талғамы бір халықтың береке-бірлігінің берік болуын тіледі.


вавав

Дариға Назарбаева, Нұрлан Нығметуллин, Мәулен Әшімбев бастаған қоғам қайраткерлері /Фото informburo.kz



Илия Илин де залда отыр

Илья Ильин де залда отыр / Сурет informburo.kz


Бүгінгі сессия қазақша басталып, негізгі бөлімінің ресми тілде жалғасқанын айта кету керек.


Залдан қазақ тілінің жанашыры Асылы Осман апамызды көрдік

Залдан қазақ тілінің жанашыры Асылы Осман апамызды көрдік / Сурет informburo.kz



Әр дін басшыларын да бас киімдерінен тануға болады

Әр дін басшыларын да бас киімдерінен тануға болады / Сурет informburo.kz


Ресей халық ассамблеясының өкілі Т.Смирнова бастап, Түркия мен Кореядан келген қонақтар сөз сөйледі.


Дін өкілдері

Дін өкілдері / Сурет informburo.kz


Жамил Злимханов:

– Мен шешен жігітімін. Әкем соғыста қайтыс болды. Ақыры осыдан жетпіс бес жыл бұрын Қазақстанға көшіп келіппіз. Қазақтар мені оқытып, өсірді. Қазір мұнай саласында қызмет етіп жүрмін, – деді. Ол отандастарына адал қызмет ететінін айтып, қазақ халқына құрмет білдірді.


Халық хаһарманы Тоқтар Әубәкіров ағамызда отыр

Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ағамыз да отыр / Сурет informburo.kz


Кравцова Лариса:

– Мен Қарағандыданмын. Башқұртстаннан келгенімізге қырық төрт жыл болды. Біздің отбасымыз көп ұлтты. Жолдасым – орыс. Қазақ, татар секілді туыстарымыз бар, – деді. Ол осындай бақытты өмір кешіп жатқан елге риза екенін айтты.


Қай ұлттың азаматы екен?

Қай ұлттың азаматы екен? / Сурет informburo.kz


Анкарадан келген саясаттанушы Нуршад Зорлуға сөз берілді: Ол:

– Мен Түркиядан атажұртқа жүрек жарды сәлемімді ала келдім. Түркияда сексен млн қазақ бар. Олардың жүрегі сіздер деп соғады. Мен Қазақстанды зерттеп келемін, – деп бастады. Ол "Елбасы Назарбаев" атты кітабының төрт тілде жарыққа шыққанын айтты.


Орыс ұлттық киімін киген делагат

Орыс ұлттық киімін киген делегат / Сурет informburo.kz


Кореялық Чу Ионг-Минг:

– Мен Кореяның Сеул қаласынан келіп, докторантурада оқып жатырмын. Мен көп ұлтты құрамы бар Қазақстандағы татулыққа таң қалдым. Сол үшін Қазқастанда білім алуды таңдадым. Жергілікті кәрістер ішінен алпыстан астам ғылым докторы шығыпты, – деп барлық сөздерін қазақ тілінде жеткізді. Сонымен бірге Сеулде оқып жатқан қазақтардың көп екенін, қазақ тілін үйреніп жатқан кәрістердің де көбейіп келе жатқанын тілге тиек етті.

"Қазақтар мен кәрістердің түрлері де ұқсас" деді. Тіптен өз жолдасын Қазақстаннан тапқысы келетінін, екі ел арасын жақындату үшін қызмет ететінін айтты.


Қазақстан Татар-башқұрт ұлттық орталығы өкілі

Қазақстан татар-башқұрт ұлттық орталығының өкілі / Сурет informburo.kz


Германиядан келген Вальтер Гаукс:

– Сегіз жүз мың неміс отандарына қайтты. Миллионнан астам немістер атынан Қазақ халқына алғыс айтамын. Мен Астананы өз отаным санаймын, – деп бастады. Ол Қазақстандағы немістердің жақсы өмірін тілге тиек еттіп, Қазақстанның салиқалы саясатын мақтан тұтатынын айтты.


Өзбек аналар

Өзбек аналар / Сурет informburo.kz


Сөз арасында Нұрсұлтан Назарбаев пікір білдіріп, ғылымды, экономиканы дамыту үшін Қытайдың тәжірибелерін пайдалану керек екенін айтып отырды.

Сұраған Дүрбетхан:

– Мен Моңғолиядан оралған қазақпын, – деп бастап, шетелдегі қандастар атынан тәуелсіз ел басшысына рақметін айтты. Сұраған шетелде ғылыми тәжірибелерімен жеңіске жеткенін, қазір Назарбаев университетінде жұмыс істейтінін жеткізді. Өткен жылы әлем бойынша математикадан берілетін ең үздік сыйлықты алған ең жас ғалым атанған екен. Сонымен бірге жас ғалымдарға бөлініп жатқан үш мың грант бар екенін, жалғаса беретінін, сол үшін алғыс айтатын қайталады.

Халықаралық Олимпиядадан алтынмен оралған Евгений Демиденко да жастардың мүмкіндіктерінің мол екенін жеткізді.


Ортада қырғыз ағайын

Ортада қырғыз ағайын / Сурет informburo.kz


Алла Чечеткина:

– Қостанайлықпын. Мен Сақыпжамал секілді апалардың арқасында қазақ тілінің қасиетін сезіндім. Қазақтың нанын жеп, суын ішіп өскен адамнан Қазақ тіліне құрмет етуін талап етемін, – деп өзінің қазақ мектебінде оқығанын мақтанышпен айтты. Қазақ тілін дамытудың маңыздылығын атап, қазақы болмысты сақтауды дәріптеді. Сонымен бірге М.Мақатаевтың "Отан" деген өлеңін оқыды.


Ауған ағайындар да келді

Ауған ағайындар да келді / Сурет informburo.kz


Жарыс сөз сонымен аяқталды. Соңғы сөз қайтадан Назарбаевқа берілді.

Ассамблеяға шетелдік достар клубын құруды ұсынды

Шетелдік инвесторлармен мемлекеттік деңгейде жұмыс жасауды Сыртқы істер министрлігіне тапсырғанын айтқан Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяға шетелдік достар клубын құруды ұсынды.

– Ассамблеяның кәсіпкерлік қауымдастығының қызметі сапалы түрде жаңа деңгейге көтерілуі және оның құрамы бизнес-қауымдастықтың үздік өкілдерімен күшейтілуі тиіс. Қауымдастық іс жүзінде іскерлік байланыстарды дамытуға және елімізге инвестиция тартуға ықпал ететін Ассамблеяның шетелдік достар клубын құруы керек, – деді Н.Назарбаев.


Фото informburo.kz


Ол:

– Айтылған сөз, баяндамалар біздің жолымыздың дұрыс екенін көрсетеді, – деп, қазір әлемде экономикалық соғыс, санкция секілді мәселелер әлемді жайлап алғанын алға тартты. Сондықтан интеграциялық өзгерісті дамыту керек екенін баса дәріптеді.

Мемлекет ұлт не дін мәселесінде жасырын арандатушыларға қарсы шара қолдануға міндетті

– Тағы бір осы заманғы кең етек жайған, жол беруге болмайтын құбылыс коммуникациялық технологияның дамуынан келіп шықты. Меніңше, олардың абсолюттік артықшылықтарынан басқа, жойқын әлеуеті бар. Сандық байланыстың мүмкіндіктерін этникалық және конфессияаралық араздықты қоздыру үшін пайдаланды. Интернетте олар беттерін жасырып отырады, жазасыз қаламын деп ойлайды. Бірақ, олай кетпесін! Мемлекет осыған қарсы шараларды қабылдауға міндетті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары