Ақтаулық сүңгуір теңіз астында бір шақырымнан астам аумақты қоқыстан тазалады

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Теңіз астындағы тазалық жұмыстарын сүңгуір жиі жүргізгенімен, әлеуметтік желіге көп жарияламайды.

Ақтаулық сүңгуір Қанат Абдиев Каспий теңізінің астындағы 1270 метр аумақты қоқыстан тазалады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы баспасөз қызметі. 

Теңіз астындағы тазалық жұмыстарын сүңгуір жиі жүргізгенімен, әлеуметтік желіге көп жарияламайды. Қанат Абдиевтің айтуынша, теңіз астында негізінен тамақ қалдықтары мен пластикалық өнімдер кездеседі. Сүңгуір барлық тұрғынды тазалықты сақтауға шақырды.

"Ақтаулық сүңгуірлердің арнайы чаты бар. Тазалық жұмыстарын тек мен емес, басқа сүңгуірлер де жүргізеді. Жалпы теңіз астында негізінен тамақ қалдықтары мен пластикалық бөтелкелер, полиэтилен пакеттері жиі кездеседі. Су астында 8-10 метр тереңдікте жатқан қоқыс тазаладым. Бұған дейін теңіз түбін тазалағаннан кейін, осы жолы 1 қап қоқыс шықты. Барша тұрғынды қоршаған ортамызға құрметпен қарап, тазалықты сақтауға шақырамын", – деді Қанат Абдиев.


Оқи отырыңыз: 42 градус ыстық: Қазақстанда 16 маусымда ауа райы қандай болады


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау