Тікелей эфир

Алматыда жастардан жалдамалы баспанаға құжат қабылдау басталды

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Өтініш 30 маусым мен 3 шілде аралығында қабылданады.
Бүгін Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы жұмыс істейтін жастардан жалдамалы баспанаға құжат қабылдау басталғанын хабарлады. Бұл бағдарламаға айлық табысы 101 мың теңгеден кем емес 29 жасқа дейінгі үміткерлер қатыса алады. Құжаттар 30 маусым мен 3 шілде аралығында мына сайтта қабылданады. Құжат өткізу үшін өтініш берушінің ЭЦҚ болуы шарт. Пәтер бес жылға жалға беріледі, оны сатып алу және жалдау уақытын ұзарту мүмкіндігі жоқ.

Бағдарламаға қатысу үшін қойылатын негізгі талаптар:

  • 29 (жиырма тоғыз) жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген, еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген ҚР азаматтары қатыса алады;
  • Алматы қаласында тұрғылықты жері бойынша соңғы 2 (екі) жылдан кем емес тұрақты тіркелуін растау (осы қалада тұрғын үй алуға үміттенетін адамдар үшін);
  • Орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын апаттық жағдайдағы, құлау қаупі бар (қирау) тұрғын үйді қоспағанда, өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының өтініш беру алдында 2 (екі) жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жоқтығын растау;
  • соңғы алты ай ішінде кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы табыстың болуы (101 мың теңге);
  • банкте жинақ шоттың болуы.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайлар Алматы қаласының шеңберінде тұрғын үйлердің түсуіне байланысты 5 жыл мерзімге беріледі (пул бойынша). Қазіргі уақытта Алатау ауданы, "13" шағынауданындағы бір бөлмелі 34 пәтерден тұратын бесінші пул дайын тұр. Өтініш берушілердің тізімі ұпай жүйесін (ең көп ұпай саны бойынша) ескере отырып жасалады. Ұпайлардың берілу критерийлері мына жерде көрсетілген.

Бағдарламаға өтініш беретін жастар қандай құжаттар ұсынуы қажет?

1) Ережедегі қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш;

2) Өтініш берушінің және ерлі-зайыптылардың (бар болса) жеке басын куәландыратын сканерленген құжат;

3) білім туралы сканерленген құжаты;

4) 2008 жылға дейін алынған неке қию туралы сканерленген куәлік;

5) 2008 жылға дейін туылған балалардың сканерленген туу туралы куәлігі;

6) Қазақстан Республикасы бойынша өтініш берушінің және отбасының барлық мүшелерінің атында жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

7) жұмыс орнынан анықтама (сканерленген), сондай-ақ, азамат жеке кәсіпкерлік жүргізген жағдайда жеке кәсіпкерліктің тіркелуі туралы куәлігі;

8) өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы сканерленген анықтамасы;

9) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттары;

10) екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың болуы және нөмірі туралы анықтама. Сондай-ақ, банктегі шоты бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы сканерленген үзінді;

11) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын сканерленген құжаттары (кәсіби саладағы жетістіктері ескерілуі қажет. Мысалы, дипломдар, марапаттар және басшылықтың алғыс хаттары).

Өтініш беруші қағидалардың 5-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, өтініш берушіге 1 жұмыс күні ішінде жоқ құжаттарды портал арқылы қосымша ұсынуға мүмкіндік беріледі.

Бағдарлама қатысушылары өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін өтініштің қарастырылу нәтижесін мына сайттағы жеке кабинетінен өздері бақылап отыруы қажет.

Анықтама телефондары: +7(727)2251452, +7(727)225143, +7(727)2251457.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары