Ақпаратта бірнеше емхананың вакцина алғаны жайында электронды паспорт сататыны хабарланған.
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында "Коронавиурсқа қарсы вакциналаудан өткеннен кейінгі электронды паспорт сату бойынша жаңа бизнес" туралы материал жарияланды. Қоғамдық денсаулық басқармасы мұндай іс-әрекеттің қылмыстық сипатта екенін және заңмен қудаланатынын ресми түрде хабарлады. Аталмыш материал бойынша арнайы қызметтік тергеу жұмыстары басталды.
"Қазіргі уақытта вакцина алғандығы туралы электрондық паспортты беру фактісі расталмады. Сонымен қатар, барлық медициналық ұйым мен РЭДО-ның ақпараттық жүйелері және дерекқорлары толық салыстырып тексерілуде. Аталған ақпарат расталған жағдайда, тергеу нәтижелері заңға сәйкес шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі", – делінген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, Қоғамдық денсаулық басқармасы вакциналау мәселелері бойынша жүйелерге қол жеткізе алатын қызметкерлермен алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Қызметтік тергеу барысы туралы ақпарат қосымша хабарланады.
Еске сала кетсек, "Евразия" бірінші арнасы алматылық алаяқтардың 15 мың теңгеге вакциналау паспортын сататыны жайлы ақпарат таратты. Вакциналау электронды паспорты вакцина алғаннан кейін eGov.kz порталы арқылы беріледі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-