Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Алматыда бойында коронавирус анықталғандардың 17%-ы оны қоғамдық көлікте жұқтырған.
Қоғамдық көліктердің қозғалысына салынған тыйым мереке күндеріне де қолданылады. Тіпті Алматы "қызыл аймақтан" шыққанға дейін жалғаса береді. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, мұндай шектеулер өз тиімділігін көрсетіп үлгерген. Мәселен, өткен жұмада індет жұқтырғандардың саны 360 болса, сенбіде 342, жексенбіде 297-ге дейін төмендепті. Мамандар мұны қалада енгізілген кешенді шектеу шараларымен байланыстырады.
"Бұл жалпы қабылданған шараның арқасында қол жеткен нәтиеже. Жалпы қоғамдық көліктер инфекцияның таралу көздерінің бірі болып табылады. Біздің есеп бойынша, науқастардың 17,5%-ы коронавирусты қоғамдық көлікте жұқтырған. Оны науқастардың өздері де айтты", – деді Жандарбек Бекшин.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 59 мыңға жуық адамға коронавирусқа қарсы екпе салынды. Жүкті әйелдерді вакциналауға бола ма?
Жандарбек Бекшиннің мәлімдеуінше, ауруханалардағы науқас саны 300-ден төмендемейінше, шектеу шаралары осы күйінде қала береді. Ал індетке шалдыққандар саны артса, тіпті локдаун енгізілуі мүмкін. Қалалық мобильділік басқармасының өкілдері жұмыс күндері таңертеңгі және кешкі уақыттарда автобус санын ұлғайтуға уәде беріп отыр.
"Жұмыс күні таңертеңгі және кешкі уақытта жолаушы саны көп. Адам лық толмас үшін, автобус санын көбейтіп, резервтік құрамда тұрған қоғамдық көліктерді де жолаушы тасымалдауға шығарып жатырмыз", – деді Алматы мобильділік басқармасының өкілі Әсе Төлеуішов.
Айта кетсек, Алматыда 13 наурыздан бастап жаңа шектеулер күшіне енді. Соған сәйкес, демалыс күндері сауда орталықтары жабылып, қоғамдық көліктер жұмысын тоқтатты. Ал, тамақтану орындарына тек 20.00-ге дейін жұмыс істеуге болады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтады
-
344
-
0
-
4
-
-
2Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылы қанша өтінім және қандай мақсатта мақұлданды?
-
328
-
0
-
2
-
-
3Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
-
314
-
0
-
3
-
-
4Wildberries Алматыда логистика орталығын салуды жоспарлап отыр
-
330
-
0
-
3
-
-
5🇰🇿 Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына қатысты өзгеріс енгізілді: енді өз елінің паспорты керек
-
329
-
0
-
2
-
-
6📣 20 ақпанда қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтінім қабылдау басталады
-
340
-
0
-
0
-
-
7Түркия ЖОО-да 8 мыңнан астам Қазақстан студенті оқиды
-
312
-
0
-
0
-
-
8Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады
-
311
-
0
-
0
-
-
9🧒 Балалар БҰҰ бала құқықтары жөніндегі комитетіне тікелей шағымдана алады
-
292
-
0
-
4
-
-
10Түркиядағы жер сілкінісінен кейін төрт Қазақстан азаматы жоғалып кеткен
-
294
-
0
-
3
-