Тікелей эфир

Алматыда коронавирустың британдық және оңтүстік африкалық штаммдарын жұқтырған науқастар көбеюде

informburo.kz суреті
informburo.kz суреті
Қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 34-і ауыр жағдайда жатыр.

Алматыда британдық және оңтүстік африкалық штаммдардың айналымы аясында, коронавирустың симптомды түріне шалдыққан және жағдайы ауыр науқастардың саны өсуде. Қазір стационарларда 2,5 мың науқас ем алуда. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Соңғы екі апта бойы індетті жұқтырушылардың көбеюі және денсаулығы ауыр науқастардың саны бойынша Алматы қолайсыз аймақта тұр. Эпидемиологтардың пікірінше, жаңа британдық және оңтүстік африкалық штамдарының жұғу қарқыны жоғары. Ал, сырқаттанғандардың көбі КВИ-дің симптомды түрлерін жұқтырған. Мәселен, өткен тәулікте Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған 450 науқас тіркелді. Соның 370-і симптомды және 80-і симптомсыз.

26 наурыздағы жағдай бойынша Инфекциялық стационарларда 2524 адам бар Соның ішінде:

  • 34 – науқастың жағдайы аса ауыр;
  • 272 – науқастың жағдайы ауыр;
  • 2218 – науқастың жағдайы орташа ауыр;
  • 10 – науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: Алматыда жыл басынан бері 13 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған


Инфекцияны жұқтыру қарқынының өсуіне байланысты қала әкімдігі дабыл қағып отыр. Олар індетті жаппай жұқтырған науқастар саны артса, ауруханаларда төсек-орын жетіспей қалу қаупі барын жасырмады. Сондықтан, мамандар тұрғындарды карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

"Алматыда коронавирус жұқтырғандарды қабылдайтын мекелерде жалпы сану 7 011 төсек-орын бар. Олар инфекциялық стационарларда, модульдерде, клиникалардың ақпараттық бөлімдері мен Халық Арена консервациясында орналасқан. Сондай-ақ, 250 реанимациялық төсек-орын бар. 5 150 төсек-орын пайдалануға дайын. Реанимациялық бөлімшелерден 220-сы жұмылдырылды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жұқтыру жағдайларының 42 пайызы қоғамдық орындарға тиесілі екен. Бұл сауда орындары, қоғамдық тамақтану нысандары және т.б. Сондықтан, Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мониторингтік топтардың санын 40-қа дейін ұлғайтуды тапсырды. 

"21-26 наурыз аралығында 1911 нысан тексерілді. Оның 300-інде белгіленген жұмыс режимінің бұзылуы, эпидемияға қарсы талаптар сақталмауы анықталды. Сонымен қатар, 26-27 наурыз аралығында түнгі тексеру барысында 17 карантин талабын бұзу дерегі анықталды. Нәтижесінде, 300 кәсіпкерлік субъектісіне 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды", – деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Серіктестер жаңалықтары