Тікелей эфир

Алматыда екпе алғандар арасында iPhone 12 ойнатылады

Акция 22 мамыр мен 31 мамыр аралығында, ал ұтыс ойыны 31 мамыр күні сағат 12.00-де өтеді.

Акция Алмалы аудананы әкімі аппаратының қатысуымен ұйымдастырылып отыр.

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Сізді ОӘД ("ЦУМ") сауда үйінде C-19-қа қарсы вакцинацияға шақырамыз. Вакцина алыңыз және iPhone 12 ұтыс ойынының қатысушысы болыңыз. Акция 22 мамыр мен 31 мамыр аралығында. IPhone 12 ұтыс ойыны 2021 жылы 31 мамырда сағат 12.00-де өтеді. Екпе жасалған күні сіз ұтыс ойынының купонын аласыз, ол сізге ОӘД сауда үйінің дүкендерінде қосымша жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді", – делінген акция хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Olx-те "тегін беремін" санатындағы жарнамалар 1 жылда 10% өсті: қазақстандықтар нені тегін беруге дайын?


Ұтыс ойынының жеңімпазы акцияға қатысушылар арасында кездейсоқ таңдау арқылы анықталады. Іріктеу нәтижесі Инстаграмдағы TSUM ресми парағында 31.05.2021 жылы жарияланады. Жеңімпаз ЦУМ вакцинация орталығында берілген тіркеу талоны және жеке куәлігі болған жағдайда ғана сыйлық алады.

Вакцинация пункті ОӘД сауда үйінің 3-қабатында орналасқан, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Мекен жайы: Жібек жолы мен Абылай хан даңғылдарының қиылысы.

Серіктестер жаңалықтары