
"Алматы жастары 4.0" тұрғын үй бағдарламасына құжаттар 10-31 наурыз аралығында қабылданды.
Биыл тұрғын үй бағдарламасына қатысуға ниет білдіргендердің саны көп. Мәселен, былтыр үш кезеңді қосқанда барлығы 10 599 адамнан өтініш түскен болса, осы жылы ұсынылған жалпы өтініштердің саны 9741-ге жетті.
Енді Алматы Тұрғын үй басқармасы келіп түскен барлық жолдамалардың бағдарлама талаптарына сай келуін тексеріп шығады. Оған шамамен бір айға жуық уақыт кетеді. Кейін, барлық шартқа сай келіп, әрі ұпай жағынан алға шыққан үміткерге "Отбасы банк" АҚ-да төлем қабілетін бағалау үшін жеке кабинетке жолдама беріледі. Ал, тұрғын үй бағдарламасының шарттарына сай келмейтін үміткерге керісінше, бас тарту туралы жолдама жіберіледі.
Оқи отырыңыз: Тұрғын үй бағдарламалары көбейді. Биыл баспаналы болудың 11 мүмкіндігі
Өтініші мақұлданып, жолдаманы алған үміткерлер 15 жұмыс күні ішінде төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін "Отбасы банк" АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Мекен-жай тізімі https://www.hcsbk.kz/contacts/ сайтында қолжетімді.
Өтініш берушілер "Отбасы банк" АҚ келмеген жағдайда, Алматы әкімдігі жолдаманы жояды. Оны тізім бойынша келесі тұрған қатысушыға береді.
"Отбасы банк" АҚ-да төлем қабілетін бағалау үшін қажетті құжаттар төмендегі суретте:
Қатысушы банк рәсімінен өтпеген жағдайда, әкімдік тізім бойынша келесі қатысушыға жолдама береді. Ал, банктің мақұлдауын алған қатысушы 45 күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді таңдап, құжаттарды "Отбасы банк" АҚ-ға ұсынуға міндетті.
Егер қатысушы белгіленген мерзімде тұрғын үй ала алмаған жағдайда, әкімдік жолдаманы келесі қатысушыға береді. Жалпы аталмыш бағдарламамен ипотекалық несиені тек 1000 адам алады.
Оқи отырыңыз: Бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын кім ала алады?
Айта кетсек, "Алматы жастары 4.0" тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру үшін биыл:
- қалалық бюджеттен – 14 млрд теңге;
- "Отбасы банкінен" – 4 млрд теңге бөлінді.
Биыл нарықта баспана бағасының шарықтауына байланысты несие сомасы 18 млн теңгеге дейін арттырылды. Сондай-ақ, осы жылы бағдарламаға құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысуына мүмкіндік туда. Үміткердің лауазымына қатысты талап та жеңілдетілді. Яғни, бағдарламаға қатыса алатын саладағы мекеменің штаттағы қызметкері болса жеткілікті. Лауазымы маңызды емес.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-