
Енді қалада жұмыртқаның он данасының құны 487 теңге болады.
Алматы әкімдігінің қаулысымен 1 сәуірден бастап I санатты жұмыртқаға шекті қол жетімді бөлшек құн белгіленді. Құжатқа сәйкес, I санатты тауық жұмыртқасының он данасы үшін 487 теңге мөлшерінде баға белгіленіп отыр. Тиісті қаулы осы айдың аяғына дейін жарамды. Аталған шара нарықтағы өнімнің құнын тұрақтандыруға және сатушылардың бағаларды негізсіз көтеруіне жол бермеу үшін қолға алынып отыр екен.
"Бұдан бұрын Алматыда мұндай реттеу механизмін қолдану оң нәтиже көрсетті. Өткен жылдың соңында қарақұмық жармасы мен қантқа шекті баға белгілеу қалада өнімнің бір келісінің орташа құнын сәйкесінше 375 теңгеден 360 теңгеге дейін және 256 теңгеден 252 теңгене дейін төмендетуге мүмкіндік берді", – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жұмыртқа бір жылда 33%-ға қымбаттады. Неге?
Қаулы бойынша бекітілген бағалардың сақталуын Алматы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мамандары аудан әкімдіктерімен бірлесіп бақылайтын болады. Егер кәсіпкерлер қаулыға құлақ аспай, бағаны көтерген болса айыппұл арқалайды. Аталған іс-әрекеттер бір жылдың ішінде қайталанған жағдайда, 100 айлық есептік көрсеткіштен (291 700 теңге) 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (583 400 теңге) мөлшерде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Сондай-ақ, өнімнің бағаларын ұстап тұру мақсатында қала әкімдігі "айналым" қарызының шеңберінде "Магнум" сауда желісі дүкендерінде жұмыртқа (I санатты) бағасының он данасы үшін 430 теңге бекітілген.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
342
-
0
-
0
-
-
2🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
317
-
0
-
0
-
-
3🌻 "Баж салығын алып тастау керек". Қазақстанда күнбағыс егетін шаруалар мемлекет қолдауына мұқтаж
-
305
-
0
-
1
-
-
4🚘 "Шалғай ауылдарда мүлдем жоқ". Маңғыстаулық жүргізушілер автогаз тапшылығынан үш күннен бері кезекте тұр
-
293
-
0
-
1
-
-
5🏤 5 маусымда "Болашақ" стипендиясына өтінім қабылдау басталады
-
314
-
0
-
6
-
-
6💸 4244 теңге: 1 шілдеден бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін арнайы жәрдемақы мөлшері өседі
-
292
-
0
-
3
-
-
7👨🏻🎓 Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 6,8 мың оқушы "Алтын белгіге" үміткер
-
268
-
0
-
1
-
-
8🎾 Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 3 орынға көтерілді
-
254
-
0
-
11
-
-
9🪖 ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды
-
247
-
0
-
5
-
-
10👥 Түркістан қаласының халқы қашан жарты миллионға жетеді?
-
246
-
0
-
5
-