
Қазір мамандар ол туралы үлкен деректер жинастырып, видеоматериалдар түсіріп жатыр.
Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Алаша ханға қатысты шетелдік ғалымдардың араласуымен ірі зерттеу жұмыстары басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол "Qasqa Jol" youtube арнасына берген сұхбатында айтты.
"Алаша ханның ұлтына қатысты көптеген пікірталас бар. Намысқа тиеді. Экскурсоводтар оны "Өзбектің билеушісінің баласы, үсті ала-ала болғасын үйінен шығарып тастаған. Сосын Қазақ жеріне келіп, үлкен билікке жетті" деп түсіндіріп жүр. Екінші біреулер бойы аласа болғасын "Аласа хан" деп, кейін Алаша аталып кеткен деп жатады. Сонда біз оны қазақтың батыры, ханы деп мақтанарлық деректер келтіре алмаймыз ба?" – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Оқи отырыңыз: "Жошы Ханды зерттеу кезек күттірмейтін маңызды жұмыс". Алтын Орда тарихы жаңадан зерттеледі
Экс-министр Ұлытау жеріндегі Алаша хан кесенесіне мамандарды жинап, оның тегіне қатысты халықаралық зерттеу жұмыстарын бастамақ. Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, қазір Алаша хан жайлы үлкен деректер жинастырылып жатыр.
"Мамыр айында мазарына барып, арнайы видеоматериалдар түсіріп, үш тілде таратамыз. Әлем ғалымдарына үндеу жасаймыз. Осыдан кейін шетел мамандары келіп, зерттейді. Сонда қазақтың тарихы мүлдем басқаша болады. Неліктен Әмір Темір үлкен жорыққа шығар алдында Ұлытауға келіп, тасқа қашап "Мен әскеріммен Алтын Орданы қиратуға бара жатырмын. Сол үшін Ұлытауға келдім" деп жазып кеткен? Себебі, Ұлытау қасиетті жер. Сол жазу қашалған тас Эрмитаждың ең бір әдемі жерінде тұр. Халықаралық ғалымдар осы мәселені де зерттеуі қажет", – дейді ол.
Оқи отырыңыз: Өзбектер Төле биді "Қалдирғоч би" деп неге атайды?
Айта кетейік, қазақ жерінде билік құрған Алаша ханның шыққан тегі мен есіміне байланысты түрлі деректер мен аңыз әңгімелер бар. Көбіне "Алаш" этнонимінің шығуы Алаша хан атымен байланыстырылады. Егер зерттеулер арқылы дәйекті мәліметтер шықса, Қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихы мен мерзімінде өзгерістер болуы ғажап емес. Кей ғалымдар Алаша хан кесенесінде жатқан Шыңғыс хан екенін де алға тартады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🎾 Бейбіт Жұқаев - Little Rock Challenger турнирінің ширек финалына шықты
-
252
-
0
-
2
-
-
2↕️ Telegram-бот 100 беттік лирикалық жинақты дыбыстады - Мақпал Жұмабай
-
260
-
0
-
3
-
-
3🤖 Қызылордада Қорқыт ата университеті жанынан жасанды интеллект мектебі ашылады
-
242
-
0
-
3
-
-
4✍️ Әр жеңімпаз 4 млн теңге сыйақы алады: Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
-
251
-
0
-
4
-
-
5🕯🔥 "Тағы қайталана ма деп қорқамыз". Өткен қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан көшіп жатыр
-
266
-
0
-
5
-
-
6💡 Маңғыстау облысында кәсіпкер бюджеттің 249 миллион теңгесіне көшеге жанбайтын жарық шамдар орнатқан
-
252
-
0
-
7
-
-
7🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
-
256
-
0
-
4
-
-
8😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
255
-
1
-
7
-
-
9💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
227
-
0
-
2
-
-
10💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
228
-
1
-
5
-