Тікелей эфир

Алапат өрттен үйлері өртенген Риддер тұрғындарына заманауи ықшамаудан салынады

Оларды күзге дейін жаңа баспанаға көшіру жоспарланып отыр.

Өрттен үйлері зақымданған Риддер тұрғындары үшін заманауи шағын аудан салынады. Күзде зардап шеккен тұрғындарды жаңа баспанаға қоныстандыру жоспарлануда, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Instagram парақшасында. Ол құрылыс алаңында болып, мердігер ұйымдардың басшыларымен кездесті.


Оқи отырыңыз: Риддерде орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізіледі


Өңір басшысы компанияларды ұсынған жақсы жобалық шешімдері үшін, сондай-ақ құрылысты уақтылы және тиімді бастағаны үшін алғыс айтты.

Даниал Ахметов тұрғындарға берілген уәденің барлығы орындалатынын растады және құрылыс мерзімінің қысқаратынын мәлімдеді.

"Бұл жұмыс ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше бақылауында. Тұрғындар күзге дейін тұрмысын орнықтыру үшін үйлердің құрылыс мерзімін қысқартуға тырысамыз. Мұнда үлкен, сапалы үйлері мен кең, жарық көшелері бар бар әдемі және заманауи шағын аудан пайда болады", – деді ол.


Оқи отырыңыз: Риддер қаласындағы өрт толықтай сөндірілді. Өрт 287,4 гектар аумақты шарпыды


Аймақ басшысының айтуынша, келесі аптада жол төсемінің негізін дайындауға кіріседі. Үйлермен қатар жол салу, жарықтандыруды және аумақты абаттандыруды, соның ішінде балалар мен спорт алаңдарын орнату басталады.

24 мамырда Даниал Ахметов тағы да тұрғындармен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысымен танысады. Осы күнге дейін, оның айтуынша, барлық 32 үйде жұмыстар жүргізіледі.

Еске салайық, өрт 2021 жылғы 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласының әкімшілік аумағындағы Лесхоз кентінде сағат 13.55-те орманға жайылған өрттен туындаған болатын. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетіп, 5 көшеде 31 үй, 5 жеңіл автокөлік және шаруашылық құрылыстарының 7 учаскесі, сондай-ақ ТҚС үй-жайын от шарпыған. Бір адам қаза тауып, алтауы жарақат алды. Риддерде жергілікті маңызы бар ТЖ режимі енгізілді. Полиция өртті тұтатты деп күдікке ілінген ер адамды ұстады.

Серіктестер жаңалықтары