Тікелей эфир

Ахметжан Есімов Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды

Ол жақында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен босаған болатын.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлады elbasy.kz сайты. 

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл туралы Twitter парақшасында да хабарлады. 

Ахметжан Есімов 2017 жылдың желтоқсанынан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасы қызметін атқарып, 2021 жылы 29 наурызда қызметтен босаған болатын. 

Ал "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының жаңа басқарма төрағасы болып Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды. 


Оқи отырыңыз: "Самұрық-Қазына" қорының басшысы болып Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды. Елбасы Ахметжан Есімовке алғыс білдірді


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары