Тікелей эфир

Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің туған күнінде "Абай" операсы сахналанады

Биыл Қазақстанда кемеңгер композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 115 жылдығын атап өтіледі.

Сазгерлердің туған күні құрметіне орай, 29 сәуірде және 17 шілдеде "Астана Операда" олардың бірлескен авторлығындағы ұлы "Абай" операсы сахналанады. Операның дирижері әрі музыкалық редакторы – Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Астана Опера" театрының бас дирижері Алан Бөрібаев.

"Ахмет Жұбанов – ғаламат дарын иесі. Оның жан-жақтылығы соншалық, мен оны Қайта жаңғыру дәуірінің ұлы тұлғасы Леонардо да Винчимен салыстырар едім. Жұбанов бұл тұрғыдан да әмбебап жан еді. Сөзсіз, ол – ұлы композитор, бірақ бұл оның дарынының бір қыры ғана. Оны Қазақстанның музыкалық мәдениетінің ұйымдастырушысы деп нық сеніммен атауға болады. Құрманғазы атындағы оркестрдің негізін салушы, жетекшісі әрі дирижері, консерваторияның бірінші ресми ректоры, алғашқы музыкалық колледждің іргетасын қалаушы, Ғылым академиясы құрылтайшыларының бірі, ол – музыкатанушы әрі зерттеуші, қазақ музыкасы туралы кітаптардың авторы. Ол – симфониялық оркестрдің дирижерлік тұғырына тұрған алғашқы қазақ дирижер. Бүгінгі таңда оның дарынының сирек айтылатын тағы бір тұсы – ол кітаптарды қазақ тіліне аударған", – деді Алан Бөрібаев.


Оқи отырыңыз: "Абай – рухани реформатор" атты президент мақаласындағы 6 өзекті ой


Абай партиясын әр күндері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Талғат Мұсабаев, Азамат Жылтыркөзов (дебют) ұсынады. Ажардың бейнесін "Құрмет" орденінің иегері Айзада Қапонова пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова сомдайды. Абайдың шәкірті Айдардың рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Мейір Байнеш пен Жан Тапин орындамақ. Әзімнің партиясын Бейімбет Таңарықов әзірлеуде. Жиреншенің партиясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев дебют жасайды, екінші күні бұл бейнені Талғат Ғалеев ұсынады. Қарлығаш – Татьяна Вицинская, Малика Минизини. Көкбай – Ержан Саипов. Сырттан – Болат Есімханов, Шыңғыс Расылхан (дебют). Нарымбет – Рамзат Балакишиев, Мес – Хайдар Мұстапин.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары