
Жәдігер Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ-нің "Мұхтартану" ғылыми орталығына табыс етілді.
"1990 жылдары Тұрағұлдың қызы Мәкен әкесінің аты өшпесін деп һәм мәңгі тарих болсын деп арнайы тастұғыр жасатқан екен. Бір ерекшілігі ол тастұғырда тек Тұрағұлдың ғана емес, өзге де Абай ұрпақтарының есімдері қашап жазылған", – деп жазды Азимхан Исабек өзінің facebook парақшасында.
Тастұғырда:
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек,
Ұлы Абайдың өлеңімен қоса: "Абай Құнанбаевтың Шымкент қаласында жерленген үрім-бұтағы", орысша мәтінде: "Родственники Абая Кунанбаева похороненные в городе Шымкенте" деп, оған қоса 4 адамның есімі қай жылы, қай жерде жерленгендері қазақ-орыс тілдерінде қашап жазылған. Олар:
Тұрағұл Абайұлы – Әйгерімнен туған. 1934 ж. ХФЗаймағы.
Келіндері: Дәмежан – Микайлдің әйелі. 1960 ж. Шұқырсай.
Камалия – Әубәкірдің әйелі. 1962 ж. Қасқа зираты.
Немересі: Әубәкір – Ақылбайдың ұлы. 1933 ж. Көксай
Турагул Абайулы – сын Айгерим. 1934 г. Р-Н ХФЗ.
Жены сыновей: Дамежан – жена Микайла. 1960 г. Шукырсай.
Камалия – жена Аубакира. 1962г. К-ше Каска.
Внук: Аубакир – сын Акылбая. 1933 г. Коксай.
Міне, тастұғырдағы мәтін осылай берілген.
"Тағы бір дерек бұл тастұғыр – осы күнге дейін ғалымдар айтып жүргендей "Тұрағұлдың сүйегі завод астында қалып қойды" деген пікірді түбегейлі теріске шығарады. Оған қоса бұл тастұғыр 1990 жылдардан бері "Химфарм" акционерлік қоғамының арнайы бөлімінде сақталып келген", – деді Азимхан Исабек.
Тастұғырды бүгінгі күнге дейін сақтап отырған "Химфарм" акционерлік қоғамының әкімшілік менеджері Бекен Жақыпбеков пен компания қызметкері Аян Тоқсанбаев.
Компания басшылығы бұл құнды жәдігерді Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ-нің "Мұхтартану" ғылыми орталығына табыс етті.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-