Тікелей эфир

"9 айда ана да босанып, балалы болады". Мәжіліс төрағасы үкіметтегі бюрократия мен қағазбастылықты сынға алды

Сурет informburo.kz
Сурет informburo.kz
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар талқыланды.

Депутат Жәмилә Нұрманбетова жастар жылыына орай "Жас маман" бағдарламасына бөлінген қаражаттың игерілмеу себебін сұрады.

Естеріңізге салайық, бағдарламада 20 ірі колледжде және университеттерді ең танымал мамандықтар бойынша модернизациялауға және оқытудың халықаралық тәжірибесін енгізуге 8 млрд теңге бөлінген. Қаржының 7,3 млрд теңгесіне оқуға қажетті құралдар, 720 млн теңгеге шетелдік мамандар шақырылу керек болатын.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов:

– Иә, түсінікті. Уағында нақты орындау тәртібі бектілмеген. Әрине оқу орындарының білім сапасын көтеру үшін өте маңызды жоба болатын. Қазір барлық дайындықтар бітті. Орындауға дайынбыз. Алда орындай алатынымызға сеніңіздер. Жауапты тұлға жазасын алатын болады, – деп сендіруге тырысты.

Бұл уәж депутаттарды иландырмады:

"Әріптестер, бәріміздің есімізде шығар 23 қаңтарда Елбасы жастар жылын салтанатты түрде ашты. Сонда "Жас маман" атты бағдарламаны жүзеге асыруды үкіметке, Білім және ғылым министрлігіне тапсырған болатын. Қаңтардан бері 9 ай өтті. Білім және ғылым министрлігі әлі жұмысқа кіріскен жоқ. Мұның себебі тіпті күлкілі. Былайша айтқанда "банальная волокита", – деді Нұрлан Нығматулин.

Ол бұған дәлел ретінде "Жас маман" бағдарламасының хронологиясын көрсетті:

  • 23.01.2019 – Елбасы "Жастар жылы" аясында жариялаған;
  • 31.05.2019 – Үкімет Қаулы шығарған;
  • 1,5 айдан кейін министрлік ережені бекіткен;
  • Тағы 3 айдан кейін 3 министрлікпен келісімге келген;
  • 27 қыркүйекте Әділет министрі бұл бұйрықты тіркеген.

1,5 бет қаулыны 4 ай жазған ба?

Мәжіліс төрағасы 9 айдан бері Елбасының тапсырмасын орындамаған үкімет мүшелеріне қатты шүйлікті. Қажет болса партия басшылығымен ақылдаса отырып, мәселені біржақты ету керек екенін қадап айтты.

"9 айда әйел де босанып, балалы болып үлгереді. Ал сіздер бір жарым беттік Қаулыны "туа алмадыңыздар"! 4 ай бойы жаздыңыздар ма? Бұл еліміздегі бюрократияның үлгісі деп айта аламын. Жастар жылында жастарға қатысты осындай маңызды жобаны қайта қозғағанмен, жыл аяқталып келеді, ал сіздер енді оянып жатырсыздар, – деді ренішін жасыра алмаған Нұрлан Нығматулин.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары