3 айда 6 млн адам коронавирусқа қарсы вакцина алады. Қыркүйекке дейін бұл көрсеткіш 10 миллионға жеткізілмек

Қыркүйек айына дейін 10 миллионға жуық адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынбақ. Ол ұжымдық иммунитетті қалыптастыруы тиіс.

"Біздің қазіргі басты міндетіміз – санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина алғандардың санын арттыру. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация бойынша жоспар әзірледі. Биылғы сәуір, мамыр және маусым айларында өңірлерде ай сайын 2 млн адамға вакцина салу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі", – деді Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин.

Ал қыркүйек айына дейін 10 миллионға жуық адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынбақ. Ол ұжымдық иммунитетті қалыптастыруы тиіс. 

Денсаулық сақтау жүйесі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілді. Ауруханаларда дәрі-дәрмектердің айлық қоры бар. Ал "СК-Фармация" қоймаларында және дәріханаларда 2 айлық қор жасақталған. Сондай-ақ, барлық өңірде дәрі-дәрмектердің, жеке қорғаныс құралдарының 3 айлық тұрақтандыру қорлары құрылған.


Оқи отырыңыз: 

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз