Тікелей эфир

25 қарашада Қазақстанда коронавирус жұқтырған 820 адам тіркелді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 128 400-ге жетті.
25 қараша қорытындысы

Науқастар

128 400

Сауыққандар

114 821

Көз жұмғандар

1 990 (22 қараша)

Нұр-Сұлтан 15762 14835 329
Алматы 15802 14740 323
Шымкент 5345 5160 77
Ақмола облысы 4836 4209 86
Ақтөбе облысы 3469 3314 37
Алматы облысы 5605 4927 68
Атырау облысы 11571 11288 81
ШҚО 15741 10530 281
Жамбыл облысы 4366 4180 61
БҚО 7871 7134 131
Қарағанды облысы 10009 10567 284
Қостанай облысы 4975 3662 27
Қызылорда облысы 3289 3248 15
Маңғыстау облысы 3431 3286 52
Павлодар облысы 5910 4741 62
СҚО 5950 5618 30
Түркістан облысы 3468 3382 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 820 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
  • ШҚО – 164;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 114;
  • Павлодар облысы – 110.

Республика бойынша барлығы 128 400 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 114 821.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 2 008-ге жетті (25 қарашада тіркелгендер саны – 7).

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен адам ауырып, 434 науқас көз жұмған (25 қарашада тіркелген науқас саны – 168, көз жұмғандардар – 2).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 571 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 710 бала бар. Стационарларда 3 198 науқас жатыр. 8 373 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 210 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан әлсіреген иммунитетті қандай дәрумендер мен минералдар жақсартады? Дәрігер кеңесі


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары