Тікелей эфир

23 қарашада Қазақстанда коронавирус жұқтырған 678 адам тіркелді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 126 860-қа жетті.
23 қараша қорытындысы

Науқастар

126 182

Сауыққандар

113 646

Көз жұмғандар

1 945 (18 қараша)

Нұр-Сұлтан 15635 14835 323
Алматы 15682 14646 314
Шымкент 5331 5160 76
Ақмола облысы 4692 4160 83
Ақтөбе облысы 3456 3306 37
Алматы облысы 5553 4918 65
Атырау облысы 11549 11248 79
ШҚО 15417 10294 273
Жамбыл облысы 4338 4180 61
БҚО 7805 7101 130
Қарағанды облысы 10972 10535 283
Қостанай облысы 4846 3635 25
Қызылорда облысы 3285 3248 15
Маңғыстау облысы 3426 3280 50
Павлодар облысы 5688 4612 60
СҚО 5724 5114 25
Түркістан облысы 3461 3374 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 678 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
  • ШҚО – 154;
  • Павлодар облысы – 108.

Республика бойынша барлығы 126 860 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 113 646.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 996-ға жетті (23 қарашада тіркелгендер саны – 6).

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен адам ауырып, 428 науқас көз жұмған (23 қарашада тіркелген науқас саны – 20, көз жұмғандардар 1).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 218 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 650 бала бар. Стационарларда 3 289 науқас жатыр. 7 929 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 211 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан әлсіреген иммунитетті қандай дәрумендер мен минералдар жақсартады? Дәрігер кеңесі


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары