Тікелей эфир

16 тамызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 337 адам тіркелді

Сурет freepik.com сайтынан алынды
Сурет freepik.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 103 033-ке жетті.

16 тамыз қорытындысы

Науқастар

103 033

Сауыққандар

82777

Көз жұмғандар

1 269 (10 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13578 10224 267
Алматы 13877 10619 195
Шымкент 5150 4292 47
Ақмола облысы 3236 2766 55
Ақтөбе облысы 3167 2771 31
Алматы облысы 4823 4197 34
Атырау облысы 10717 10002 35
ШҚО 7803 6472 94
Жамбыл облысы 3999 3402 51
БҚО 6561 5524 71
Қарағанды облысы 9788 6646 241
Қостанай облысы 3260 2697 11
Қызылорда облысы 3212 2817 8
Маңғыстау облысы 3263 2469 39
Павлодар облысы 3685 2529 31
СҚО 3750 2549 17
Түркістан облысы 3164 2801 42

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 337 адам (ауру белгілері барлар – 165, жоқтар – 172) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Алматы – 51;
  • Қарағанды облысы – 37;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 36;
  • Нұр-Сұлтан – 34.

Республика бойынша барлығы 103 033 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 82777.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 415-ке жетті.

1-16 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 18 606 адам ауырып, 218 науқас көз жұмған (14 тамызда тіркелген науқас саны – 141, көз жұмғандар – 2).


"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 18 841 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 99 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 279 науқас жатыр. 15 562 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 406 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 103 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Инфографика: coronavirus2020.kz


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары