Перейти на полную версию

Сергек

"Сергек" жүйесі

"Сергек" – отандық жоба. Кешеннің алгоритмдері мен бағдарламасын қазақстандық IT-мамандар әзірлеген. Жобаның авторы – "Көркем Телеком" компаниясы. “Сергектегі” барлық айыппұл мемлекеттік бюджетке түседі. Айыппұлдан түскен қаражат жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына жұмсалады. 

"Сергек" сақтандыру полисі жоқ көліктерді тіркемейді. Сақтандыру полисі жоқ  жүргізушілерге айыппұлды тек полиция инспекторы сала алады. Мәліметтер базасын интеграциялау нәтижесінде сақтандыру туралы ақпараттар жол полициясы қызметкерінің қолындағы планшеттерге келіп түседі. Сондықтан ақпараттық-бейне бақылау кешені бұл заң бұзушылықты тіркемейді. Камералар тек жолдағы құқық бұзушылықты анықтамайды.

"Сергек" – бірінші кезекте қоғамдық қауіпсіздікке жауап береді. Ол жол бойы мен көше қиылыстарынан бөлек мектептердің жанында, аулаларда, сауда орталықтарының маңы мен халық көп жиналатын өзге де орындарда орнатылады.

"Сергек" жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жол белгілері талабын бұзу, қоғамдық көлікке бөлінген жолаққа шығып кету сынды ереже бұзушылықтарды тіркейді. Ақпараттық-бейнебақылау камералары кез келген көлікті таба алады. Камералар жедел іздестіру шараларын жүзеге асыруға қауқарлы. Оның ішінде іздеу жарияланған көлікті анықтау, алимент немесе айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген адамның темір тұлпарын табуды айтуға болады. Сонымен қатар "Сергек" жалған және шетелдік нөмір таққан көлікті тауып бере алады.