Қазақтар ғана емес, қазақстандық орыстар да ресейліктермен әлеуметтік желіде "какой он русский, он – казах" деп "жаға жыртысып жатыр. Бұл нені білдіреді?

Қазақ айдентитиі кәдімгідей қалыптасып қалыпты. Елдегі қуаныш не қайға елді түгел (жасы, жынысы, этникалық әрі түрлі әлеуметтік топтарды) біріктірсе, бұл – ұлттық бірліктің белгісі (Benedict Anderson, Émile Durkheim, Anthony D. Smith).

Бір қызығы, жасанды "қазақстандық" дегеннің емес, "қазақ" деген ұғымның төңірегіне топтасу байқалады. "Қазақ" сөзі этнонимнен (этникалық топтың атауын білдіретін ұғым) демонимге (азаматтық біріктірген топтың атауын білдіретін ұғым) айналып келеді. Яғни, "қазақ" деген сөз этникалық ұлтты ғана емес, азаматтық ұлтты да білдіретін ұғым ретінде бекіп жатыр. Сондықтан Шайдоров та, басқа да спортшылар өздерін "қазақпыз" деп батыл айта алады. 

"Айтыста" қазақтілділер мен орыстілділер бірлсесе тойтарыс беріп жатыр. Демек, ұлт екі тілде сөйлесе де, мықты ұлттық айдентити қалыптасады. Бельгия, Швейцария мен Канаданы айтпағанның өзінде.

Кез келген ұлттық айдентитидің негізінде мәдениет жатады. Қазақ айдентитинің негізі орыс мәдениеті болмасы анық. Сондықтан қандай этнос болмасын, қай тілде сөйлесін, ұлтты біріктіретін қазақ айдентиінің белгісі де, ерекшелігі де қазақ мәдениеті болмақ: тілі, салт-дәстүрі, ұлттық киімі мен тағамы… Демек мұндай жеңістер қазақ айдентиін нығайта түспек. Жаңа қазақтар жасасын!

Жазба Шыңғыс Мұқанның Facebook парақшасынан алынды