Енді жүктілікке және босануға байланысты табыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді проактивті форматта (яғни, өтініш берушінің қатысуынсыз) тағайындауға болады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты.  

Ондағы ақпаратқа сәйкес, 2021 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс беруші жүктілік пен босану бойынша Еңбек шартын ЭЕБ порталындағы біріңғай жүйеде тірей алады.

Осылайша, демалысқа шыққан қызметкерлерге тиісті әлеуметтік төлемді тағайындау өтініш берушінің қатысуынсыз проактивті форматта жүзеге асыруға болады. Яғни, жүктілік пен босану бойынша төлемді рәсімдеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.

Әлеуметтік демалысқа шыққан жұмыскерге төлемді проактивті түрде тағайындау үшін жұмыс беруші жұмыскердің шығу дерегін ЭЕБ порталындағы жеке кабинетте тіркеуі қажет.


Оқи отырыңыз: Декреттік демалыс пен төлемдер қалай есептеледі?


 

Деректер Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жіберіледі, одан сұрау салу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы на жөнелтіледі.  

Ал демалысын рәсімдейтін қызметкерге  SMS-хабарлама арқылы проактивті форматта әлеуметтік төлем тағайындауға келісімін алу бойынша сұрау түседі, оған үш күн ішінде жауап беру қажет.


Оқи отырыңыз: Пандемия кезінде декреттік төлемді толық алу үшін не істеу керек? Нұсқаулық