BBC ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Үндістанның 18 штатында алынған 11 мыңға жуық анализдің ішінен мамандар 771-інің ғылымға бұрыннан белгілі вирус екенін анықтады. 736 анализ нұсқасынан британдық вирус, 34-інен – оңтүстікафрикалық вирус және бір бразилиялық вирус анықталған.

Мамандар көптеген штамдардың бар болуы ауруға шалдығудың өршуімен тікелей байланысты емес екенін айтады.

Құрамына елдің денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен 10 жетекші ұлттық зертхана кіріп отырған Үндістанның SARS-CoV-2 геномикасы жөніндегі консорциумы (INSACOG) вирустың соңғы үлгілерін гендік жағынан зерттеді. Нәтижесінде батыстағы Махараштра штатынан жиналған үлгілердің болмашы бөлігінен өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда E484Q және L452R мутацияларының үлесін анықтаған.