Қазақстан Ұлттық банкі Нархоз университетінде "қолданбалы қаржы" магистратура бағдарламасы бойынша "қаржы талдаушысы", "қаржылық тәуекел менеджері", "макроаналитика және болжау", "актуарий" мамандықтары бойынша оқуға 30 грант бөлінгенін хабарлады.

Грант иелері ай сайынғы стипендия алады.

Бағдарламаның басты мақсаты – талантты жастарды қолдау және олардың дамуына ықпал ету, қаржы нарығында сұранысқа ие және білікті мамандарды, оның ішінде қазіргі заманғы деректерді талдау білімдері, Bloomberg Terminal және өзге де дағдыларымен даярлау.

Бағдарламаны аяқтағаннан кейін магистранттар Қазақстан Ұлттық банкіне, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, сондай-ақ мемлекеттің қаржы ұйымдарына жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.


Оқи отырыңыз: Ұлттық банк атын жамылған телефон алаяқтары көбейген. Банк сақ болуды ескертті