Туристердің ПТР тестілеуі туроператорлар пакетінің бағасына кіреді
Қазақстанда шетелден оралған туристерді міндетті ПТР-сынау құнын демалатын азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына қосу туралы шешім қабылданды.Бұл шешім туристік операторлармен, "Атамекен" ҰКП-мен, Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен талқылау нәтижесінде қабылданды. Тиісінше, енді шетел саяхатынан оралушы туристер Covid-19 вирусын анықтауға арналған тестті міндетті түрде және өз қаражатына жасатады.
Бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясына ПТР тестілеу сертификатысыз шетелден келген азаматтардың 80%-ы Египет, Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінен оралған туристер. Оның ішінде:
- 41%-ы Египеттен;
- 27%-ы Мальдив аралдарынан;
- 16%-ы БАӘ-нен;
- 8,3%-ы Түркиядан келген.
Айта кетейік, коронавирус инфекцияның 80%-ы туристік елдерде демалушылардан анықталған, оның ішінде:
- Египетте – 96;
- Түркияда – 50;
- БАӘ – 51 адам.