Тимур Нұркешов Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін, Алматыдағы "Қайнар" университетін, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған.⠀

Тимур Сейтқажыұлы "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында 2014 жылдан бастап Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы, Назарбаев зияткерлік мектептері дамыту департаментінде аға менеджер болып қызмет етті. Екі жыл Орал қаласындағы Зияткерлік мектепті басқарды, 2019 жылдан бастап Тараз қаласындағы NIS-тің директоры қызметін атқарды.