Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында 2020 жылғы 10 тамызда қалалық мейрамханалардың бірінде болған қанды қылмысқа қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Оқиғаның төрт қатысушысына айып тағылды. Ең қатаң жазаға Абдраманов тартылды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 4-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Арынов 16 жылға бас бостандығынан айырылса, Таукеев 5 жылға, Асадов 2,6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Оқи отырыңыз: Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік: 51 сотталушыға үкім шықты


Еске сала кетсек, былтыр 10 тамызда Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде болған атыс салдарынан екі адамға оқ тиді. Нәтижесінде олардың бірі оқиға орнында қайтыс болды, екіншісі дене жарақатын алды.