Шығыс Қазақстан облысы толықтай карантинге жабылды
Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында коронавирустың 34 жаңа жағдайы анықталды.Шығыс Қазақстан облысы Бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 15 сәуірге дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы өзгергенде қайта қаралуы мүмкін.
Бүгінде Covid-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекция стационарларында төсек қорының толтырылу деңгейі – 3.3%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 1,175.
Семей, Курчатов қалаларының, Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитарлық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары өңірдің сыртқы шекараларына кіріп-шығуды бақылау үшін:
- Алматы облысы тарапына қойылатын – 3
- Қарағанды мен Павлодар облыстары аумақтарындағы – 3 санитарлық бекеттің жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен қатар "Ауыл", "Үбе", "Бақты", "Майқапшағай" автоөтпе жолдарындағы өткізу пункттерінде 4 санитарлық бекет қойылады.
"Қызыл" аймақтағы өңірден келетін адамда санитарлық бекеттерді кесіп өткен кезде COVID-19 инфекциясының жоқтығын растайтын ПТР сынаманың теріс нәтижесі туралы үш тәуліктен (72 сағаттан) аспайтын анықтаманың болуы міндетті.
Оқи отырыңыз: Коронавирустың таралуы бойынша Алматы облысы "қызыл" аймаққа, Шымкент "сары" аймаққа өтті
Санитариялық бекеттер арқылы мына санаттағы адамдарға ғана кедергісіз кіріп-шыға алады :
- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының, медициналық, санитариялық-эпидемиологиялық, құқық қорғау, арнайы жедел және авариялық қызметтер қызметкерлері;
- медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар;
- карантиндік стационарларда емделуде және бақылауда болған адамдар;
- транзиттік жолаушылар мен жүктерді автотасымалдаушылар;
- вахталық қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдары;
Қаулының толық мәтінімен мына жерде таныса аласыз.