Шет елге шығуға тыйым салынғанын Е-Salyq-Azamat қосымшасымен тексеруге болады
Мобильді қосымшасында шығуға салынған тыйымды қарау бойынша сілтеме орналастырылған.Бұл сервис азаматтарға шетелге шығар алдында Е-Salyq-Azamat мобильді қосымшасында шығуға тыйым салу бойынша борышкерлер тізілімін қарау арқылы өздерін тексеруге мүмкіндік береді.
Сот орындаушылары борышкерлер тізіліміне шектеулер қою арқылы бюджет алдында 40 айлық есептік көрсеткіштен астам қарызы бар жеке тұлғаларға елден тыс жерлерге шығуды шектейді.
Мобильді қосымшаға кіру үшін қолданушының ұялы телефон нөмері мобильді азаматтар базасындағы ЖСН нөмеріне тіркелген болуы қажет.