Шәкен Айманов атындағы Қазақ киносының мұражайы жаңа экспонаттармен толықты
3 маусым – Әмен Қайдаровтың туған күні.Қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың немересі Данияр Хасанов Шәкен Айманов атындағы Қазақ киносының мұражайына аты аңызға айналған атасының жеке құжаттары мен фотосуреттерін және де медаль мен ордендерін сыйға тартты, деп хабарлайды Информбюро Қазақфильм студиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстанда анимацияның жандануы мен дамуы Әмен Хайдаровтың есімімен тығыз байланысты. Әмен Әбжанұлының әріптестері мен шәкірттері, сондай-ақ көптеген жас киногерлер оны әрқашан да үлкен құрметпен, жылулықпен және ризашылықпен еске алады. Отбасылық мұраларды сыйға тарту – бұл таң қаларлық игі іс. Сондықтан мен Әмен Әбжанұлының отбасына үлкен алғысымды білдіремін. Қазақ киносы мұражайының қорын толықтыра алатын басқа кино қайраткерлерінің туыстары мен жақындарына сізді үлгі еткім келеді. Біздің мақсатымыз – ұлттық кинематографқа байланысты баға жетпес мұрағаттық экспонаттарды, оның бірегей тарихын сақтау", – деді вице-президенті Айдархан Әділбаев.
Мұражайға Әмен Әбжанұлының қылқаламынан шыққан Кәрім Қайдаровтың портретін тапсырды. Сонымен қатар, Әмен Әбжанұлының жұбайы – Валентина Қайдарованың медальдары мен құжаттары тұрақты сақтауға берілді, ол туралы бүгін Әмен Қайдаровтың әріптестері де ерекше ықыласпен еске алды. Олар Валентина Константиновна Әмен Әбжанұлы үшін ең үлкен махаббат пен адал дос қана емес, сонымен бірге жанқиярлық көмекші және, әрине, музасы болғанын айтты.
Әмен Қайдаровтың немересімен кездесу барысында сыйға тарту туралы келісімге қол қойылды. Іс-шара соңында жиналғандар 2012 жылы ашылуына мэтрдің өзі қатысқан Әмен Әбжанұлының ескерткіш жұлдызына гүл шоқтарын қойды.