Сайлауалды үгіт-насихат науқаны қыза түсті
Оффлайн және онлайн кездесулер, "Есіктен есікке" акциясы өткізілді.
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты болуға үміткерлер Еділ Жаңбыршин мен Оспан Қазақбаев Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында болып, бір топ спортшылар, діни ұйым өкілдері және ауыл тұрғындарымен кездесті.
Басқосуларда партияның бүгінгі жеткен жетістігі баяндалып, алдағы 5 жылдағы жұмыс жоспары таныстырылды. Ауылда қордаланып қалған мәселелерге қатысты сұрақ-жауапқа кезек берілді. Ауыл тұрғыны, кәсіпкер Түймеш апа жұмыссыздық, жастарды жұмысқа орналастыру, қажетті кадр мамандарын әзірлеу бойынша сауалын жолдады.
Партияның сайлауалды бағдарламасындағы жастарға жасалатын мүмкіндіктер, салауатты өмір салтын ұстану, бұқаралық спортты дамыту, жұмыссыздық бойынша жаңа жұмыс орындарын, тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша нақты бағыттар айтылды.
ҚР Парламент Мәжілісі депутаты болуға үміткер Самат Мұсабаев та Шетпе ауылында болып, Серікбол Қондыбай атындағы музейде ауданның белсенділері, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Партияның бағдарламасын толыққанды айтып өткеннен кейін жиынға келгендердің мәселелеріне құлақ асты. Карьерден шығатын шаң, экология, ауыз судың сапасы және газ мәселесі айтылды. Самат Мұсабаев карьерге қатысты тауды жаруды тоқтатып, Ресей елінде қолданылатын жаңа технология, яғни тауды уатып алу әдісіне көшу қажеттігін жеткізді. Сол кезде ауылда шаң көтерілмейді. Кандидат жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдады. Партияның алдағы 5 жылдық жұмысында қарастырылғанын тілге тиек етті.
Жаңаөзен қаласында "Есіктен есікке" акциясы ұйымдастырылды. Қалалық мәслихатқа үміткер Жаңабай Оңайбаев "Көктем шағынауданының тұрғындарының үйіне, кәсіпкерлік нысандарға барды. Үнпарақтар таратып, партияға дауыс беруге шақырды. Жаңаөзен қаласын дамытудың сайлауалды бағдарламасын таныстырып өтті. Қала тұрғындарының сұрақтарын жазып алып, тиісті мекеме басшыларына жолдады.
Акция Түпқараған ауданында да жүзеге асты. Аудандық сайлауалды штаб мүшесі Б. Джулдибаева "Есіктен есікке" ақциясы аясында Сайын Шапағатов ауылдық округінде үйлерді аралап, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Ауыл тұрғындарына партияның алдағы 2021-2025 жылдар аралығына жасақтаған сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Үгіт-насихат жұмысы барысында тұрғындар "Nur Otan" партиясына үлкен сенім артатынын жеткізді.
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының сайлау қоры қаражатынан төленді.