Сәтбаевта 5 жасар бүлдіршінді зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Қыздың денесін жансыздандыру үшін ине салған оның әйелі 22 жылға сотталды.Осыдан бір жыл бұрын Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында бес жасар бүлдіршінді зорлады деп айыпталған азамат өмір бақи бас бостандығынан айырылды. Ал кішкентай қыздың денесін жансыздандыру үшін ине салған оның әйелі 22 жылға сотталды, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Былтыр шілдеде бес жасар қызды 62 жастағы азамат үйіне кіргізіп алып, ерлі-зайыпты көршілерімен кішкентай қызға зорлық көрсеткен болатын. Көршісінің жұбайы бүлдіршіннің денесін жансыздандыратын ине салған. Одан кейін екі ер адам оны қорлаған. Полицейлер педофилдерді пәтерден тауып, далаға әрең алып шыққан. Себебі6 ашуға булыққан қала тұрғындары күдіктілерді өз бетімен жазалауды сұрап, қаланың астаң-кестеңін шығарып, полицейлердің көлігін өртеген болатын. Ал былтыр күзде 62 жастағы айыпталғандың бірі тергеу изоляторында жіпке ілініп қалған еді.
Педофилдерді тас-таяқпен өздері жазаламақ болған 55 тұрғынға осыдан бір ай бұрын үкім кесілген. Олардың тоғызы үш жылға бас бостандығынан айырылса, қалған 46 сотталушы төрт жылға шартты түрде жаза арқалады.
"Сараптама қорытындысына сәйкес сотталған тұлға химиялық кастрацияны мәжбүр етпейді деген қорытынды жасалғандықтан, сот бұл жерде химиялық кастрацияны қолдануға мүмкіндігі болмады", – дейді Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бекзат Шалғымбаев.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: