Режеп Тайып Ердоған: түрік вакцинасы бүкіл адамзатқа қолжетімді болады
Түркия Президенті БҰҰ саммитіне қатысушыларға пандемия туралы бейне үндеу жолдадыТүркия барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін коронавирусқа қарсы отандық вакцинаға қолжетімді етеді. Түрік вакцинасы бүкіл адамзат үшін мүмкіндігінше оңтайлы болады.
Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекет пен үкімет басшыларының қатысуымен "Covid-19 және одан кейінгі қалпына келтіруді қаржыландыру" тақырыбында БҰҰ-ның онлайн-отырысына қатысушыларға бейне үндеуімен жүгінді.
Ердоған бүкіл әлемде Covid-19 вакцинасының біркелкі таралмайтынына алаңдаушылық білдірді.
"Коронавирусқа қарсы бүкіл халқы екпе алған елдер болса да, вакцинаның алғашқы дозасын да алмаған миллиардтаған адамдар бар", – деді түрік көшбасшысы.
Оның айтуынша, әлемнің 100-ге жуық елінде коронавирус вакцинасы әлі күнге дейін жоқ.
Ол коронавирус вакцинасының әділетті таралуы қамтамасыз етілмейінше, әлем экономикасы қалпына келмейтіні және пандемия аяқталмайтыны анық екенін баса айтты.