Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті әрі "World Boxing" ұйымының басшысы Геннадий Головкин республикалық референдумда таңдау жасады. Даңқты боксшы қазіргі уақытта "World Boxing Futures Cup 2026" халықаралық турниріне байланысты Таиланд астанасында жүр.

"Геннадий Головкин Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі жанынан ашылған №453 референдум учаскесіне арнайы келіп, Ата заңды жаңарту мәселесі бойынша өз дауысын берді", – делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Дауыс беру сәтінде ҰОК басшысы ел болашағына қатысты тағдыршешті шешімдер қабылдауда әрбір азаматтың үні маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл саяси науқан мемлекеттің даму жолын айқындап, іргесін нығайтудағы шешуші қадам болмақ.


Оқи отырыңыз: Оңтүстік Кореядағы отандастарымыз референдумда дауыс беруді бастады