Мемлекет басшысының төрағалығымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте, Қасым-Жомарт Тоқаев Мен Үкіметке жедел түрде келесі мәселелерді пысықтауды тапсырды:

  • пандемиядан зардап шеккен салаларда шағын және орта кәсіп үшін белгілі бір салықтарды мен төлемдерді кейінге қалдыру;
  • салық және кедендік қарыздарды мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру.

"Бұл шаралар уақытша, жаппай вакцинация басталғанға дейін және шектеулердің көпшілігі жойылғанға дейін болуы керек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне және Ұлттық банкке экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіп несиелері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін пысықтауды тапсырамын. Үкімет, сәуірден бастап жаппай вакцинациялау арқылы, пандемиямен байланысты жағдайды жақсы жаққа өзгерте алатындығын ескере келе, мамыр айынан бастап қызмет көрсету мен шағын және орта бизнеске қойылған шектеулерді алуға болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оқи отырыңыз: Тоқаев халықты жаппай вакцинамен қамтамасыз ете алмаған Денсаулық сақтау министрін сынға алды