Қазақ зайырлылығы Батыс емес, Фараби, Ясауи, Абай аманаттарымен анықталуы керек
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің баяндамасында зайырлылық туралы терең зерделеу қажеттілігіне мән берді. Бұл жерде Абайдың "ар іліміне тоқталайық. Дін – мемлекеттен, яғни биліктен бөлек,бірақ қоғамнан, қазақ мәдениетінен бөліне алмайды. Сондықтан дінді мемлекеттен бөлуге болады, ал дінді қоғамнан бөлуге ешқашан болмайды. Бұл тіжірибені кеңестік идеология кезінде бастан өткердік, ұлтсыздандық. Екеуі бір емес. Мемлекет – бейтарап болуы керек, қоғам – рухани болуы заңды. Яғни зайырлылық қоғамды рухсыздандыруға құқылы емес.
Оқи отырыңыз: Конституциядағы "хақ" пен "құқық" туралы
Зайырлылықтың қазақстандық моделі әлі дайын емес. Қазақстан зайырлы мемлекет деп Ата Заңда жарияланды,бірақ зайырлы құқықтық мәдениет әлі қалыптасқан жоқ. Себебі кеңестік атеизм – зайырлылық деп қате қабылданды. Дін институты бпсты қауіп ретінде қаралды, оның ар, рух, мәдениет құрушы рөлі – құқықтық терминологиядан түсіп қалған. Себебі культурология бұрынғы позитиаистік мптодологиялық сипатта. Сол себепті бізде дін де жарақат алды, зайырлылық ұстанымы да мағынасыз күйге жетті.
Қазақ зайырлылығы Батыс емес, Фараби, Ясауи, Абай аманаттарымен анықталуы керек. Неге? Фараби "Дін кітабында" дін мен философия біртұтас, мемлекеттің дамуын қамтамасыз етеді, Иасауи рухты саясиландырмады, ал Абай дінді моральдық өлшемге айналдырды. Үшеуі де билікті абсолюттендірмеді. Бұл – арға негізделген зайырлылық.
Оқи отырыңыз: Әлеуметтік желіні әдеп пен тәртіп тазартады
Дін мен зайырлылықтың жауы – білімсіздік. Ең басты қауіп дін емес, зайырлылық емес, екеуінің де үстірт түсіндірілуі. Ғылымсыз дін – фанатизмге, арсыз зайырлылық – репрессияға бастайды. Оны "ғылыми атеизм" тәждірибесінен білеміз.
Қысқасы, Зайырлылық атеизм емес, Зайырлылық дінді тұншықтыру емес, Мемлекет діннен бөлек, қоғам руханияттан діннен бөлек емес. Арсыз зайырлылық – қауіпті! Қазақ зайырлылығы Фараби-Ясауи – Абай үштігіндегі тарихи сабақтастық желісінде ойлау жүйесі арқылы тұжырымдалуы тиіс!
(Жазба философия ғылымдарының докторы Досай Кенжетайдың Facebook парақшасынан алынды)