Елімізде алғаш рет педагогтерге "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасы табыс етілді. 

"Педагогтерге мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасы тағайындалды. Еңбектеріңіз бен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын", – деді марапаттау рәсімінде министр Асхат Аймағамбетов.

Бұл награда мұғалімдерге үздік жетістіктері мен мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін беріледі. Жоғары атаққа ие болған педагог 1 000 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алады.

 

 


Оқи отырыңыз:

Мұғалім мәртебесі туралы заң: педагогтарға қандай жеңілдіктер жасалады?

Ұстаз мәртебесі артып, жалақысы көбейді. Бұл ер мұғалімдер санына қалай әсер етті?