Патшайым Елизавета ІІ жұбайы ханзада Филипп дүниеден өтті
Елизавета II ханшайымның күйеуі, князь Филипп қайтыс болды, деп хабарлайды Букингем сарайының Twitter парақшасы.
"Ұлы Мәртебелі Королева өзінің сүйікті күйеуі, Эдинбург герцогы князь Филипптің қайтыс болғанын хабарлады. Ұлы мәртебелі Винзор сарайында бүгін таңертең бейбіт өмірмен қайтты", – делінген хабарламада.
Ханзада 99 жасында, 100 жасқа толуына бірнеше ай қалғанда қайтыс болды.