Ораза күндерінде қалыпты жаттығулармен шұғылдану пайдалы және денсаулық үшін маңызды.

Мамандар физикалық белсенділіктен қорықпауға шақырады. Десе де ауыз бекіткендерге таңертең жеңіл қозғалыстармен шектелуге кеңес береді. Мысалы, жүгіру, созылу, жаттығулар, планка жасау, тартылу және жерден көтерілу.

Бір-екі сағат сайынғы жеңіл жүктемелердің міндеті – қан ағымын белсендіру, бұлшық еттерді (әсіресе аяқтың) қосып, жүректен жүктемені түсіру және миға оттегінің жетуіне әсер ету.

"Бұл ойды айқындап, эмоционалды оянуды күшейтеді. Нәтижесінде жинаған күшіңіз 14.00-ге дейін сақталады. Содан кейін, мысалы, түскі үзіліс кезінде кем дегенде 20-40 минут ұйықтап алыңыз. Ұйқы мидың жаңадан іске қосылуына мүмкіндік береді және кешке және ұйқы келесі таңға дейінгі қуат іспетті", – деп жазылған umma.kz сайтында.


Оқи отырыңыз: Ауыз берік кезде вакцина салдыру оразаны бұзбайды


Күндіз бір сағаттан артық ұйықтамау керек. Ауызашардан екі-үш сағат бұрын күнделікті салмақты бір сағаттық жаттығуды жоспарлаған жөн. Аш қарынға спортпен айналысу ақуыздар, майлар мен көмірсулардың май тіндері түрінде аз мөлшерде сақталуына көмектеседі. Ораза кезінде белсенді жаттығулар жасайтын адамдар салмағын едәуір интенсивті түрде жоғалтатыны анықталды.

Ауыз бекіткен кезде марафонға қатыспаған жөн. Ұзақ қашықтыққа жүгірудің салдарынан орагизм сусызданып, денсаулыққа, әсіресе жүрек-қан тамырлары жүйесіне айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін.