МББЖЖ еліміздің барлық азаматтарына екінші деңгейдегі банктерде арнайы AQYL білім алу депозитін ашу арқылы өзінің немесе балаларының біліміне ақша жинауға мүмкіндік береді. Мұндайда салымға банк сыйақысы ғана емес, сондай-ақ жыл сайынғы мемлекеттік сыйлық та есептелінеді.

Болашақта жиналған ақшаны университеттегі немесе колледждегі (техникумдағы) оқудың ақшасын төлеу үшін пайдалануға болады. Әрі ЖОО-ның қайда орналасқаны – яғни, Қазақстанда немесе шетелде екені маңызды емес.

Жүйенің жұмысын "Қаржылық орталық" АҚ басқарады. Бұл ҚР Білім және ғылым министрлігі аясында құрылған ұйым. "Қаржылық орталық" бағдарламаға қатысушы мен оқу орны арасында банкпен ынтымақтастық туралы келісімді жасайды, әр салым шартын тіркеуге алады және оның есебін жүргізеді, барлық мемлекеттік сыйақылар бойынша есептерді жүргізіп, қаржыны банкке аударады және т.б. жүзеге асырады.

Не себепті оқуыңыз үшін ақша жинауды ерте қолға алу керек? 

  1. Грантқа түсу мүмкіндігі әрдайым қолжетімді бола бермейді. Кейде ата-аналарға балаларын ЖОО-на немесе колледжге оқуға түсіру үшін ең соңғы сәтте ақша іздеуге тура келеді. Көп жағдайда таныстарынан немесе туыстарынан қарыз алып, болмаса банктен пайызы жоғары кредитті ресімдеуге мәжбүр болады. Сондықтан, осы жағын ертерек ойлап, ақшаны депозитке жинауды бастай берген дұрыс.
  2. Сапалы білім бәріне керек. Бұл сіздің дамуыңыздың негізі және өміріңіздегі үлкен мүмкіншілік. Жоғары білімді адамдар мол табысқа қол жеткізіп, қаржылық жағынан қамтылған болады. Олардың білімі көп болғандықтан, компанияларда жұмыс істеп, түрлі жобалар құрып және тағы басқа жолмен қоғамға көбірек пайда келтіреді.
  3. AQYL жинақ білім алу салымының елеулі артықшылығы бар – ол ең жоғары сыйақы мөлшерлемесіне ие, сыйақы мемлекеттен де, банктен де түседі, сондай-ақ мемлекет салымға кепілдік пен қауіпсіздік ұсынады.

Ата-анаңызбен болашақ оқуыңыз жайлы ақылдасыңыз. Егер AQYL арқылы ақша жинаймыз деп шешсеңіздер, банк шотын онлайн түрде өздігіңізден толықтыра аласыз. Егер жақындарыңыз білім алу депозиті үшін ақша аударып отыратын балаларға арналған банк картаңыз болса, аударым жасау жеңіл болады. Әйтсе де, әуелі ата-анаңыз мұндай салымды ашуға көмектесуі керек.

Білім алу салымының артықшылықтары:

  • Оған ақшаны ұзақ уақыт бойы жинауға болады – 3 жастан бастап ары қарай;
  • Осы білім алу депозитіне банктен пайыз есептелінеді (банкке байланысты), жыл сайын салым сомасының 5-7% пайызы мөлшерінде мемлекеттік сыйақы қосылады. Мысалы, егер сіздің білім алу салымыңызда 100 мың теңге болса, мемлекет беретін жылдық сыйақы 5-7 мың теңгені құрауы мүмкін, оның үстінен банк сыйақысы бар. Салым сомасы неғұрлым жоғары болған сайын, сыйақы соғұрлым жоғары. Соның ішінде, мемлекет сыйақысының 7% білім алу салымына, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға ашқанда есептелінеді, қалғандарының бәріне – 5%;
  • Мемлекеттік сыйақы білім алу салымына жиырма жыл бойы есептеліне береді;
  • Мұндай салымды ашу үшін ең төменгі бастапқы жарна – небәрі үш төменгі көрсеткіш (АЕК). 2021 жылы Қазақстанда АЕК 2 917 теңге көлемінде болды, яғни 3 АЕК – бұл 8 751 теңге;
  • AQYL білім алу депозитін ашу үшін екі құжат қажет: ата-анасының бірінің жеке куәлігі және баланың туу туралы куәлігі мен ЖСН;
  • Егер бала оқуын аяқтағаннан кейін ЖОО-да немесе колледжде мемлекеттік грантқа ие болса, бұл депозиттегі ақшаны мемлекеттен және банктен берілген барлық пайыздарымен бірге алуға, өзге баланың атына ауыстыруға, білімнің басқа деңгейлерін, мысалы, магистратура немесе аспирантура оқу үшін ары қарай жинауға болады;
  • Мемлекеттен берілетін сыйақы сіз үшін кіріс болып табылса да, оған салық салынбайды. Бұл ақшаға сондай-ақ тыйым салу және тағы басқа өндіріп алулар тағайындалмайды, яғни қаржы толықтай мемлекеттің қарамағында және ешкім қол сұға алмайтын күйде болады.

Банк банкротқа ұшыраса немесе жойылып кетсе, мемлекет салымшыға 10 млн теңгеге дейін ақшаны қайтарып беруге кепілдік береді.

Кез келген салымды ашар алдында:

  • "Қаржылық орталық" АҚ кеңес алыңыз (бұл ҚР Білім және ғылым министрлігінің аясында ашылған ұйым екенін, білім алу салымдарының осы мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарушысы екендігін естеріңізге саламыз).
  • Қазіргі сәтте осы бағдарламаға қатысатын төрт банктің бірін таңдау: Халық банк, Нұрбанк, Жусан банк, Қазақстан ВТБ банкі).
  • Салым шартының талаптарымен мұқият танысу.
  • Білім алу депозитін ашқаннан кейін тұрақты түрде толықтырып тұру қажет. Ақшаны өзіңізге ыңғайлы уақытта немесе ата-анаңыз картаңызға ақша аударғанда сала аласыз. Салым сомасы да ата-анаңыздың мүмкіншілігіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен, әрине салымды тұрақты түрде толықтырып отырған жақсы. Сонда қажетті соманы жылдам жинап, мемлекет пен банктен көбірек сыйақы аласыз.

Дереккөз: Fingramota.kz