2021 жылғы 20 желтоқсанда Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, "салық төлеушінің тпаспорты" деген жаңа ұғым енгізілді. Ол не және оны қайдан алуға болады? Informburo.kz түсіндіреді.

№1. Салық төлеуші паспортын кімдер алуы қажет?

Заң бойынша, қоғамдық тамақтандыру және сауда саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлерге салық төлеушінің паспортын алу міндет.

№2. Паспортта қандай ақпарат болуы шарт?

Паспорт QR коды түрінде жасалады. Онда салық құпиясына жатпайтын деректер болады, атап айтқанда:

  • ЖСН/БСН;
  • жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы;
  • жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
  • салық төлеушінің мәртебесі – әрекет ететін, әрекет етпейтін, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтатқан
  • тiркеу есебiне қойылған күн, тiркеу есебiнен шығарылған күн;
  • бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі, бақылау-касса машинасын пайдалану орны;
  • алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы (өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда).

№.3 QR кодын қайда қою керек?

Салық төлеушінің паспортын қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер тікелей бақылау-касса машиналары тұрған және халыққа хабар беру үшін жалпыға бірдей қолжетімді орындарда орналастырады.

№4. QR кодын қанша уақытта жаңарту керек?

Салық органы салық төлеуші паспортындағы мәліметтерді айына бір рет есепті айдан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрілмейтін мерзімде қалыптастырады. Ол уәкілетті органның сайтында жарияланады.

№5. Паспортты қалай алуға болады?

Кодты алу үшін:

  • Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы "Ақпараттық қорлар" бөліміне өтіп, "QR-кодын қалыптастыру" батырмасын басыңыз;
  • басқаннан кейін кодтарды генерациялау  сайты ашылады. Мұнда сізге қызмет көрсету тілін таңдап, "QR код алу" түймесін басу керек;
  • осыдан кейін телефон нөмірін енгізіп, "Кодты жіберу түймесін басасыз;
  • "Растау" терезесі ашылғанда телефон нөміріңізге келген кодты енгізіп, "растау" түймесін басу қажет.

Оқи отырыңыз: